"Дублёр күні"
Жамбыл облысы, Шу ауданы, Сауытбек ауылы,Алға орта мектебінде ұстаздар күні мерекесіне орай "Дублёр күні" ұйымдастырылды. Мақсаты: мектептегі өзін- өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру. Осы мақсатты жүзеге асыруда мектеп оқушылары ерекше қызығушылық танытты. Бұл күні 10-11- сынып оқушылары барлық сабақтарда мұғалімдерді алмастырып,мұғалімдік еңбектің қиын да қызық екенін түсінді.