Семинар - практикум » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
апрель
2017

Семинар - практикум

КОЛЛАЖ

Алға шағын орталықты орта мектебінде бүгін, яғни 05.04.2017 ж "Жаңартылған бағдарламаны жүзеге асырудағы жаңаша әдіс - тәсілдердің тиімділігі" атты семинар өтті. Семинарда екі ашық сабақ, үш ықшам сабақ, бір шеберлік сынып және коучинг өтілді. Сонымен қатар "Бозторғай" үйірмесінің ұйымдастыруымен шағын концерттік бағдарлама болды. 1 - сынып "Бәйтерек - өмір ағашы" жетекшісі Каленова Г.М. Ағылшын тілінен 5 - сыныпқа "What colour is your cat ? " тақырыбында ашық сабақ өтілді. Пән мұғалімі Г.М.Касенова. Сонымен қатар ықшам сабақтар: Даулибаева Т. "Қарлығаш пен торғай", Базарбаева А. " Сырдария" , Примбердиева М. " Абылайхан билігі тұсындағы қазақ хандығы" және де шеберлік сынып " Мәтінмен жұмыс" Смағұлова Г. өткізді. Мектеп тренері Б.М. Жамбаева "Оқытудағы жаңа әдіс - тәсілдер" атты коучинг жүргізді.