12
апрель
2023
Болашақ өрт сөндірушілер
Мектептің кәсіби-бағдар беруші педагогы Скакова Самал Бауыржановна Шу қаласындағы өрт сөндіру қызметіне 9,11 сынып білім алушыларымен «Ашық есік" күніне орай экскурсия ұйымдастырды. Ғаламдағы ең қауіпті мамандықтардың бірі – өрт сөндіруші қызметі. Білім алушылар өрт сөндіру қызметінің қаншалықты жауапты да ауыр қызмет екенін өз көздерімен көріп, өрт сөндіруші киімін киіп, нағыз ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап ететінін сезінді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандарын қолдарымен ұстап, атауларымен танысты.






