АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Н.Асылбаевтың есебі » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Н.Асылбаевтың есебі
14
ноябрь
2018

АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Н.Асылбаевтың есебі

2018-2019 оқу жылындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, оның ішінде жыныстық сипаттағы қылмыстардың, жасөспірімдерге қарсы жасалатын зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу, жасөспірімдердің бойында ұсақ құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидаттарын қалыптастыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Шу аудандық ІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Н.Асылбаевпен І тоқсанда бірлесіп істелінген іс – шаралары туралы мәліметі
Мектепте 111 оқушы оқиды.Мектеп оқушылары . ІІ аусыммен оқытылады.
11 сынып бар.11 сыныпқа 11 жоғары білімді мұғалімдер сынып жетекшілік атқарады.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында АІІБ жергілікті полиция қызметінің учаскелік инспекторы Асылбаевпен бірігіп іс – шаралар жоспары құрылды. Жоспар Шу аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қ.Ж.Төлешовпен келісілген , мектеп директоры К.Баубековамен бекітілген.
Мектеп оқушылары арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында мектепте Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес 7 мүшеден құрылған.
Кеңеске мектеп директоры басшылық жасайды.
2018 – 2019 оқу жылында келеңсіз оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында мектептің ішкі тәртіп ережесінде мектеп оқушылары мектепке ұялы телефон (смартфон , планшет ) және бағалы заттар алып келмеуі және мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасымен жүруі туралы жазылды.Өткен ата – аналар жиналысында ата – аналар мектептің ішкі тәртіп ережесімен таныстырылып , қол қойылып алынды. Мектеп оқушылары сабақ уақытында әлеуметтік желілерде отыруға тиым салынған.Сынып жиналыстарында да оқушылар ережесімен таныстырылды.Жиналыс соңында сынып жетекшілері ақпараттық хатпен ата – аналарды таныстырды.Кешкі сағат 22.00- ден 06.00ге дейін көңіл көтеру орындарында, саябақтар мен көшеде жүруге , кәмлет жасына толмаған жасөспірімдерге заң жүзінде көлік жүргізуге тиым салынатынын ескертілді.
Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдыналу айлығының барысында учаскелік инспекторы А.Мұсабек пен мектеп әкімшілігі мектеп мұғалімдері арасында Қазақстан Республикасы « Білім туралы» Заңының 51 бабының 3 тармағының 9) білім алушылар жасаған , оның ішінде білім алушыларға қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері туралы не өздеріне белгілі болған осындайқұқық бұзушылықтар фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға; 10) өмірде қиын жағдайға тап болған баланы анықтағаннан бастап бір жұмыс күні ішінде кәмлетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың , қадағалаусыз және панасыз қалудың профилактикасы жүйесі органдарына хабарлауға міндетті)түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізді.
Ата – аналар арасында Қазақстан Республикасының « Білім туралы» Заңының 49 бабының 2 тармағында көзделген талаптарды 1)балаларға өмірі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға , олардың ой – өрісі мен дене күшін дамытуды , имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге ; 2)балаларды одан әрі жалпы білім беретін мектепке беруді айқындай отырып , мектеп алды даярлығын қамтамасыз етуге ; 3) білім беру ұйымдарының жарғысында айқындалған қағидаттарды орындауға ; 4) балалардың оқу орнындағы сабаққа баруын қамтамасыз етуге ; 5)білім беру ұйымы жұмыскерлерінің ар – намысы мен қадір – қасиетін құрметтеуге ; 6)мектеп формасына қоятын талаптарды орындауға ; 7)білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті) түсіндіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектептің кіре берісінде сырттан келгендерге арнап , ұялы телефондарға арнап ящик орнатылған . Балалар өмірінің қауіпсіздігі негіздерін қалыптастыру, ата-аналармен, педагогикалық ұжыммен және персоналмен өзара әркеттесу мақсатында, балалардың бойында қауіпсіздік мінез-құлық дағдыларын тәрбиелеуге, қауіпті жағдайларды, қауіпсіздік шараларын сақтау, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігі туралы білуге бағытталған «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Қауіпсіз жаз», «Түнгі қаладағы балалар», «Жол қозғалысының жас инспекторы», «Жас құтқарушы», «Жас өрт сөндіруші» сияқты бірқатар акциялар өткізіледі.
«Қауіпсіз мектеп» акциясы өткізілуде, оның мақсаты білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім алушылар арасындағы құқықбұзушылықтарды болдырмау және оқу орындарында қауіпсіздік шараларын жетілдіру болып табылады.
Акция балаларға, ата-аналарға және қоғамға мектепте, үйде, көшеде, аулада, су бойында, жолда, көлікте қауіпсіздік ережелері, сонымен қатар алғашқы көмек көрсету тәсілдері мен жедел қызмет телефондарын ескерту болып табылады.
Мектепте 4 жерде бейнебақылау камералары орнатылған. 1камера мектеп сыртына , 3 камера ішкі бөлігінде орнатылған.
Әр сыныпта « Қауіпсіз жол » баланың үйі мен мектеп арасындағы маршруттар схемасы жасалынған.
Ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында медициналық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлерімен Шу аудандық ІІБ ЮПБ аға инспекторы А.Б.Мұсабек , мектеп медбикесі Ш.Шаханова 7.10.2018 жылы « Ерте жүктіліктің алдын алу шаралары » тақырыбы бойынша мектептің 7 ,8 ,9 ,10 , 11 сынып қыздары арасында дөңгелек үстел өткізді.Оқушы қыздарымызға боянуға , тым қысқа киім кимеуіне ықпал етуіміз керектігі туралы айтылды
Қыркүйек айының 5 – 11 аралығында « Отбасы – бақыт мекені» атты мектепішілік апталыққа жоспар құрылып , өткізілді.Апталық барысында « Ашық есік» күндері жүргзілді.Апталық барсында сынып сағаттар , кездесулер , байқаулар өткізілді.
Орындаған : Н.Асылбаев
Р.Ердалиев