«Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» «Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»
08
декабрь
2017

«Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»


Сыныбы: 11

Сынып жетекшісі: Примбердиева М.К.

Сабақтың тақырыбы: « Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»

Сабақтың мақсаты:

"Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту.

Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, плакат, видео

Сабақтың түрі:бірізгілік

Сабақтың әдісі:пікірталас, сұрақ-жауап, видеоролик

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Кіріспе

ІІІ.«Сыбайлас жемқорлық» деген не?

ІҮ. «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

Ү. ПІКІРТАЛАС

ҮІ.Видеоролик

ҮІІ. «Серпілген сауал»

ҮІІІ. «Менің көзқарасым»

ІХ. «Менің отбасым»

Х. «Жүрек жылуы»

Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің «Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз »атты ашық тәрбие сағатымызға хош келдіңіздер!

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.

«Сыбайлас жемқорлық - бұл ғаламдық мәселе, одан әлемнің бірде-бір мемлекеті, бірде-бір саяси жүйе, бірде-бір саяси тәртіп қорғалған емес. Сондықтан, бұл індетке бірлесе қарсы тұруымыз керек». Н.Ә.Назарбаев.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

 

«Сыбайлас жемқорлық» деген не?

1-оқушы: "Сыбайлас-жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны "параға сатып алу”, "пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда "сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

2-оқушы: Сыбайлас жемқорлық– мемлекеттік құрылымдардыңэкономикааясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады.

3-оқушы: Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлық қоғамымызды қатты алаңдатып отырған келеңсіз көріністердің бірі екені еш жасырын емес. Бұл қылмыс түрімен қоғам болып күресу мақсатында көп іс-шаралар қолға алынуда. Құқық қорғау органдары мен сот жүйесі де осы бағыттағы заңнамаларды жетілдіріп қана қоймай, жемқорлықтың алдын алуға баса назар аударуда.

 

Топтық жұмыс:«Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырысу.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беру.

Сыбайлас жемқорлықтың зардаптары не?

- қоғамның бақытты болашағын тежейді;

- елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіреді;

- жұртшылықтың заң мен әділдікке, билікке деген сеніміне сызат түсіреді.

ПІКІРТАЛАСҚА АРНАЛҒАН СҰРАҚТАР
1.Сыбайласжемқорлыққақарсытұру:неменкүресеміз,негекүресеміз?
2.ҚазақстанРеспубликасындасыбайласжемқорлықмәселесіншешуге
болама?
3.Тұлғаныңсыбайласжемқорлыққақарсыұстанымынқалайтүсінесіз
және білім беру мекемесінде қалай қалыптастыруға болады?

4. Мұғалімге мерекелерде гүл шоқтарын сыйлау жемқорлыққа жатады ма?
5. Емделіп болған науқас дәрігерге өзінің алғысын белгілі - бір сыйлықты (гүл, сағат,портрет.....) сыйласа жемқорлыққа жатады ма?

Жүргізуші: Келесі кезекте бейнероликке берсек

Осы бейне роликті көрген кезде қандай сезімде болдыңдар?

видеороликтегі жігіттің әрекеті дұрыс па?

«Серпілген сауал»

1.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң қашан қабылданды? 2.07.1998 жыл

2."Сыбайлас-жемқорлық” деген не? ("Сыбайлас - жемқорлық” деген "параға сатып алу”, "пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді.)

3.ҚҰҚЫҚ деген не ? (мемлекет орнатқан және оның күшiмен қорғалатын, жалпыға бiрдей қоғамдық қатынастарды реттейтiн тәртiп ережелерiнiң (нормалардың) жиынтығы.)

4.Заң деген не? (мемлекеттiң ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күшi бар нормативтiк кесiм. Барлық заңдар және заңға тәуелдi нормативтiк кесiмдердiң Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдiгi дейдi.)

5.Пара беру дегеніміз не? (қандай да бір коммерциялық келісімге келу үшін немесе жеке пайдасы үшін жасалған ынталандыру немесе марапаттау.)

Сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін қандай жауапкершілік көзделген? (Сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасағаны үшін жазаның түрі мен мөлшері жасалған қылмыстық әрекеттің қауіптілік деңгейі мен келтірілген залалына байланысты болады.

6.Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн қашан жарияланды? (2003 ж 9 желтоқсан)

7."Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы” заң қашан қабылданды? (18 .11. 2015 жыл)

8.БҰҰ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясы қашан қабылданды? (31.10.2003ж.)

«Менің көзқарасым» әр топтан екі оқушы шығып, сыбайлас жемқорлық жайында өз ойларын айтады.

4-оқушы:

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Сондықтан Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі» деп көрсетті.

5-оқушы:«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ, соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы «сыбайлас жемқорлық» деп ұғынылады.

6-оқушы: Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңы ең пәрменді заңдардың бірі болып табылады.

Бұл заң осы бірнеше жыл ішінде жоғары маңызға ие болып, мемлекеттік қызметшінің күнделікті пайдаланатын оқу құралына айналып отыр.

Заңның ең басты құндылығы, ол азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіптен сақтауға, сондай-ақ жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, тыю және ашу жолында мемлекеттік органдардың қызметін қамтамасыз етуге бағытталған.

7-оқушы:Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар өз құзыреттері шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау, алдын-алу және оны жасаған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту прокуратура, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, салық, кеден және шекаралық қызмет, қаржы және әскери полициясы органдарымен жүзеге асырылады.

8-оқушы: Сыбайлас жемқорлық қылмыстар туралы ауызша хабарламалар мен жазбаша арыздар қылмыстың жасалу орны мен уақытына қарамастан құқық қорғау органдарында тәулік бойы қабылданады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен көтермеленеді.

«Менің отбасым» тақырыбына сурет салу

 

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың "Нұр Отан" ХДП-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес форумында сөйлеген сөзі.

Құрметті форумға қатысушылар!

- Бүгінгі басқосуымыз қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді күрес шараларына арналып отыр. Осы мәселе жөнінде нақты әңгіменің уақыты жетті деп санаймын.

-Жемқорлық мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Оның тамырына түбегейлі балта шаппайынша, мемлекетте тұрақты өсу-өркендеу болмайды.

-Біз экономикамызды барынша дамытып, саяси жүйемізді жетілдіріп жатырмыз. Білімді, мәдениетті әрі бәсекелестікке қабілетті ұлт қалыптастыру жолында алдымызға стратегиялық мақсат қойып отырмыз.

-Алайда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтпей, одан нақты бір нәтиже шығармай, алға қойған мақсатқа толық жете алмаймыз.

-Жемқорлықпен күрес науқандық шара емес. Ол тек құзырлы мекемелердің ғана міндетіне жатпайды. Онымен бүкіл халық болып күресуіміз керек.

-Бүгін мен сіздермен осы мәселе төңірегінде, қордаланған проблемалар мен оларды шешудің заңнамалық және нақты іс-шаралары жөнінде ашық сөйлесуді жөн көріп отырмын.

-Бүгінгі басқосудың қаншалықты маңызды екенін баршаңыз де сезініп отырған боларсыздар.

-Сыбайлас жемқорлықтың белең алуы біздің ғана емес, бүкіл әлемнің бас ауруына айналғанын жаңа айттым.

-Бүгінде жаһандық сипат алған бұл індет тұтастай мемлекеттердің экономикасын күйретіп жіберу қаупін туғызып отыр.

-Олай болса, жемқорлықпен күрес қатаң жүргізілуі қажет. Ешкімнің лауазымына, шен-шекпеніне қараудың қажеті жоқ. Қылмыс жасаған адам қандай жағдайда да жауапқа тартылуы тиіс.

-Қоғам бізден нақты іс-әрекетті күтіп отыр. Баршамыздың ел алдындағы қызметіміз де, беделіміз де бірлесіп істеген жұмыстың нәтижесіне байланысты.

-Тағы да қайталап айтамын, бұл істе "Нұр-Отан" партиясына жүктелер міндет үлкен. Партияның орталық, жергілікті жердегі басшылығы, мүшелері халықты жұмылдыра отырып, жемқорлықтың алдын алу мен жою шараларын белсенді жүргізуі керек.

-Қазақта "Ауруын жасырған өледі" дейтін мәтел бар. Жемқорлыққа қарсы күрес жан-жақты, үздіксіз, ашық әрі әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Біз сонда ғана алға қойған биік мақсаттарға қол жеткізе аламыз.

Назар аударып, тыңдағандарыңыз үшін рахмет.

«Жүрек жылуы» тілек арнау.(әр топ бір-біріне тілек айтады)

Сабақты қорытындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін, өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар . 

«Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»

 

«Жемқорлықпен күресу басты міндетіміз»