Мәлімет » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
апрель
2018

Мәлімет

2017-2018 оқу жылында Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы атқарылған іс-шаралар жөнінде мәлімет

Алға шағын орталықты орта мектебінде 2017-2018 оқу жылына жоспар құрылып, бекітілген. Қыркүйек айында медбике Шаханова Шолпан Наркологиялық бекеттер туралы ережемен таныстырып, Наркопост бекеті мүшелері сайланды. Қазан айында «Зиянды заттарды белгілеу» тақырыбында Примбердиева Меруерт оқушылар арасында әңгіме жүргізді. Мектеп психологы Айнакулова Гульнара мен мен тәлімгер Бөлдешова Алмагүл Наркобекет бұрышын ұйымдастырды. Қараша айында 8-11 сынып оқушылар арасында әлеуметтік педагог Жанқоразова Балжан «Есірткі» тақырыбында баяндама оқыса, медбике Шаханова «Есірткі» туралы парақша, бүктемелер беріп, ақпараттар таратты. Желтоқсан айында Жастар денсаулық орталығы-ның әдіскерлері «Зиянды заттардың зардабы» тақырыбында бейнетаспа көрсетілді. Мектеп психологы Айнакулова Гульнара «Сақтан ұрпақ зиянды әдеттерден» тақырыбында оқушылар арасында тренинг өтті.«Зиянды әдеттер» тақырыбында 8-11 сынып оқушыларынан сауалнама алды.
Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев «Халық денсаулығы» атты мемлекет-тік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты -халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Осыған орай 2018 жылдың ақпан айының 2 –ші жұлдызында көздіғара Алға шағын орталықты орта мектебінің қара шаңырағында бүгінгі күннің кезекті мәселесі болып отырған темекі, арақ, есірткі ауруларына қарсы ұйымдастырылған «Сақтан ұрпақ зиянды әдеттерден» атты «Кеш қалмаңыз» акциясы өтті. Өткізу мақсаты: бүлдіршіндерді мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден аулақ болып, өскен ортадан тек қана жақсы әдеттерді бойына сініруге баулу. Жастар денсаулық орталығымен бірлесе отырып кеш өткізілді. Мектептің психологы Г.Айнакулова «Зиянды заттардың зардабы» атты тренинг сабағынан бастап. Жанел Мырзахан мен Жауқазын Бірімқұлдің орындауында. «Тараз жастары» әні орындалды. Жасөспірім балаларды есірткіден аулақ ұстау мақсатында «Қисық жол» атты көрініс көрсетілді. Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді» демекші «Қара пима» бейнебаянын балалар бір деммен көріп шықты. «Салауатты мақсатым өмір сүру, өмірдің мағынасын аша білу» ұстанымымен
Д.Доғдырбай, А.Сайлау, Н.Бахытжан тамаша биін оқушылар тамашалады. Мектептің директоры К. Баубекова Ұстанымы «Болашақтың қамы үшін аулақ бол жастар кеселден» өзінің сөзінде « Міне, балалар әр адамның мәнді де, сәнді өмір сүру үшін денсаулықтың әсері ұшан теңіз екен. Тәлім тәрбие жолында тілерім толқынға салған арақ, темекі, нашақор-лықтан жас жандарыңызды аулақ ұстаңыздар. Салауатты өмір салтын жандарыңызға жан серік етіңіздер.» деп ақылын айтты. Жастар денсаулық орталығының басшысы Е. А. Оспанова «Зиянды заттар» туралы слайд арқылы мағыналы әңгіме-сұхбатын өткізді. Жастар денсаулық орталығы акцияға атсалысып ерекше көзге түскені үшін мақтау қағазбен сыйлықтармен марапаттады олар: Д. Иса, Ж. Қаймолда, Н. Секербек,
Б.Жанқоразова, М.Жусанбаев, Г.Айнакулова , Ш.Шаханова. Уақытыңызды бос әуреге жұмсап, өмірдің қызығын көріп өз еншіңізді алудан... «Кеш қалмаңыз» деп кеш соның мектеп мед. бикесі Ш. Шаханова аяқтады. Қорыта келгенде есірткіге қарсы күрес акциясында өткізілген іс шаралар оқушыларға көп нәрселерді үйретуге, білуге, тәрбие алуға ықпал етті. Алдағы уақытта да жоспар бойынша іс шаралар жүргізілуде.




Похожие публикации: