«Мейірімі мол жандар» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2018

«Мейірімі мол жандар»

Мақсаты:
- отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы
қарым - қатынастарын орнату;
- қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету.
- өз ойын ашық жеткізетін, өзіндік пікірін білдіре алатын,
- ата - ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

Көрнекілігі: слайд, тренингтер, оқушы шығармалары, нақыл сөздер.
Барысы:
Таныстыру:
10 сынып оқушылары Алиев Рүстем мен Дастанның қамқоршысы- ағасы Данияр мен жеңгесі Нұржауған, қол соғып қошемет көрсетіп отырыңыздар.

І. Кіріспе бөлім.
- Құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Бүгін 29 – қазан – Қамқоршылар күні. Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. Бұл мереке соларға арналған мереке, оларға ризашылық білдіру, оларды қолдау мақсатында аталып өтеді. Біздің мектебімізде қамқоршы болып отырған ағамыз – Өтемісов Данияр Тенгелбайұлын бәріміз білеміз. Жыл сайын мереке күні ағамызды құттықтап, онымен кездесу өткізіп жүрміз. Биыл да сол дәстүр бойынша мерекені атап өтпекпіз. Бұл мерекеге Қамқоршылық кеңес төрағасы- Диханбаев Айтбек Әлдибаевич пен ата-аналар комитетінің төрайымы- Жанабаева Гүлжан Айтбаевнаны шақырып отырмыз. Бала тәрбиелеуде қажымас еңбек етіп, оған жауапкершілікпен қарап, жүрек жылуын беріп, аялап, қамқорлық көрсетіп жүрген ата - аналарды бүгінгі мерекемен құттықтаймыз.
«Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесіндегі тәжірибені бөлісу мақсатында ата - аналармен жүздесіп отырмыз.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір - бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым - қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған.

ІІ. Негізгі бөлім
- Қазақ отбасы негізінен үш ұрпақтан тұрады. Ол – ата, әке, бала. Аталар мен апалар ауыл - аймақ, ағайын арасының берекесі, ақылшысы болып келеді. Олардың әрқашанда мәртебесі биік болып, сый - құрметке бөленген. Өйткені, үлкенді сыйлауды қадір тұтқан қазақ салты бойынша көргені мен тұрмыста түйгені көп, тәжірибесі мол адамның сыйға бөленуі заңды құбылыс деп танылған. Үлкенді сыйлау, ақылын тыңдау көргенділік деп есептеледі. Отырысымызды әрі жалғау үшін топ болып жұмыстанамыз.
1. Тренинг: «Бұл кім?»
Барлығы ақ параққа сурет салады, ата - ана баласын неге теңейді, бала ата - анасын неге теңейді, соның суретін салу, түсіндіріп айту.
Ән:----------------------------------------------------------------------------------------

2.«Аяқталмаған сөйлем» (Оқушыларға тапсырма)
1. Отбасы бұл...( жайлылық, жылылық, қуаныш, сүйікті адамдар т. б.)
2. Менің ата - анам бұл... (менің достарым, сенімді серігім, мені сүйетін адамдар, өзара түсіністік т. б.)
3. Менің жанұямдағы қуаныш – бұл (көтеріңкі көңіл - күй, болашаққа жоспар, бақыт т. б.)
4. Үйімнен жыраққа кетсем,... (үйімді сағынамын, ата - анамды, бауырларымды сағынамын, т. б)
5. Ата - анамның басты тілегі – бұл... (балалардың денсаулығы, менің болашағым, балаларымның бақыты т. б)
Ән:------------------------------------------------------------------------------------------

3. «Менің балаға қатысты міндеттерім» (ата - аналарға)
«Менің ата - анаға қатысты міндеттерім» (балаларға)
Қағазға жазып, оқиды.

Би: 8 сынып арулары

Шашылайын шұғылаң болып,
Шырқа көңіл бүгін ән болып.
Аман есен жүрсеңдер екен,
Бет түзейтін құбылам болып.-деп
Қамқоршы ата-аналарға мектеп ұжымы атынан алғыс хат табысталады.
Бақыт деген - сенің бала күндерің
Бақытсыз - ақ бақытты боп жүргенің
Бақытын да, басқасын да білмеуің
Бақытсыз-ақ ойнағаның – күлгенің-деп кезекті сөзді
Баланың ең бақытты кезі балалық шағы, алайда осы балалық шағын бақытты өткізу үшін ата-аналар не істеу керек? Қамқоршылардың ойын тыңдау.
Осымен өткізілген қамқоршылық күніне арналған іс-шарамызды аяқтай келе, баршаңызға балаларға деген жүрек жылуын бөлісуге атсалысып, ыстық ықыластарыңыз бен аялы алақандарыңызды созып, балаларымызға адамдық мейірімділік пен жомарттық танытқандарыңызға рахмет айта отырып,өз қамқорыңыздағы балалардың сізге деген ыстық ықыласын тыңдаңыздар.
Рүстем мен Дастан:
Жүргізуші:
Бала – бауыр етіміз. Сондықтан да балалардың өмірі жарқын болып, аман болсын. Қош, Сау болыңыздар!