Қамқоршылық кеңесі отырысының №3 хаттамасы » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңесі отырысының №3 хаттамасы
06
январь
2018

Қамқоршылық кеңесі отырысының №3 хаттамасы

Қамқоршылық кеңесі отырысының
№3 ХАТТАМАСЫ

Барлығы: 9 адам Қатысқаны: 9 адам
Күн тәртібінде:
1. «Қамқоршылық кеңесі» мүшелерінің атқарған жұмысының есебі
Тыңдалды:
Қамқоршылық кеңесінің төрағасы - Диханбаев А.Ә . «Қамқоршылық кеңесі» құрамын ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік Ережелерінің» негізінде мектепте көрсетілген қайырымдылық көмектің ұйымдастырылып, жұмыс өз деңгейінде атқарылды. Еліміздің болашағы – балалар демекші , біз жетімін жылатпаған халықпыз . « Ұлым дейтін елім болмаса , елім дейтін ұл қайдан шықсын » - деген екен А. Байтұрсынов . Осындай іс – шараға ат салысқан ізгі жандарымыздың игі істері, қамқорлығы жалғасын табатынына сенімдіміз . Көмек қолын созған кісілерге алғысымыз шексіз. Еңбекте істері өрге бассын демекпіз!
Сөйледі:
1.Мұхатаева Л.Қ. – қамқоршылық кеңесі төрағасының орынбасары:
-Қамқоршылық кеңестің атқарған жұмыстарына тоқталатын болсақ, Алға орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жылдық жоспарына сәйкес, облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 25 шілдедегі №02-2620 хатын орындау мақсатында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өтті.
Республика көлемінде өтіп жатқан « Мектепке жол » акциясына қатысып, көптің алғысын алып, құрметке бөленіп жүрген азаматтардың бары көңіл қуантады. « Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын » - демекші, олардың есімдерін атап кеткенді жөн көріп отырмыз. Акция барысында Алға ауылдық округінің әкімшілігі 14000 мың теңге көлемінде Бірімқұл Мәдиге мектеп формасын, Секербек Ақеркеге мектепке киетін туфли мен спорттық аяқ -киім алып берді. Ал жеке кәсіпкерлер А. Диханбаев 5000 теңге,
Л. Мухатаева 5000 теңге, мектеп директоры М.Б.Байшымыров 4000 теңге көлемінде оқушыларға оқу құралдарын әперді. Бұл іс-шараға мектеп ұстаздары да тыс қалып қоймады, 10000 теңге көлемінде бір балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын әперді.
2. Жанабаева Гүлжан Айтбаевна. – қамқоршылық кеңес мүшесі:
-Мектеп жұмысына әкімшілік тарапынан бақылау ұйымдастырылған. Оқушыларды біліммен, тәрбиемен қамту дұрыс жолға қойылған. Мектепте әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 оқушы, ата-аналардың демеушілігімен 20 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылған.
2017 жылдың 27 қазанында мектепте «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тәрбиелеу міндеті жүктелген қамқоршыларды қолдау болып табылады. «Бақытты балалық шақ» атты оқушылардың жеке фотогалереясы өтті. «Мейірімі мол жандар» атты әдеби – сазды бағдарламаны мектебіміздің директоры Байшымыров Медет Бейсенғалиұлы құттықтау сөзімен ашты. Бағдарлама барысында ән, би, мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Жүрегі мейірімге толы, жүзі қуанышқа толы жандарымыз көп болсын деген тілекпен, мереке соңында сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Жанабаева Гүлжан Айтбаевна қорғаншылар мен қамқоршыларға алғыс хат, балаларға 5000 теңгенің көлемінде сыйлықтар беріп марапаттады.
3. Елібаева Гүлман – қамқоршылық кеңес мүшесі:
- Мектепте «Туған мектепке тағзым» атты акция өтті. Акцияға мектептен шыққан, белгілі бір қызмет жасайтын тұлғаларды шақырып, мерекелік іс-шара өтті. Акция қорытындысында қонақтар 100000 теңге көлемінде қаржыны мектепке сыйға тартты. Ол қаржының 50000 теңгесін мектеп жанынан ашылған «Күншуақ» шағын орталығына стенд безендіру жұмыстарына жұмсалды. Ал, қалған 50000 теңгені мектепке эко бұрыш жасауға берілді.
4. Дүтбаев Қайсар Қарауылбекұлы- қамқоршылық кеңес мүшесі:
«Жаңа 2018 жыл» мерекесі қарсаңында Алға шағын орталықты орта мектебінде ата-ана қамқорлығынан айырылған, аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тілектер шыршасы» акциясы өткізілді. Шырша мектептің кіре беріс фоесіне орнатылды. Кезекшілік қойылып, оқушылардың тілектері жазылған конверт ілінді. Комиссия мүшелерімен хаттары ашылып, арман-тілектерін орындау мақсатында демеушілерге қатынас хаттар таратылды. Қорытындысында 12 оқушы өздерінің тілектерінің орындалғанына қуанды.
Қамқоршылық кеңесі отырысының шешімі:
1. «Қамқоршылық кеңесі» жұмысы қанағаттанарлық деп танылсын.
2. Демеушілер мен меценаттарға қатынас хаттар таратылып, жұмыс
күшейтілсін.


Қамқоршылық кеңес төрағасы: Диханбаев Айтбек
Қамқоршылық кеңес төрағасының орынбасары: Мухатаева Ләззат
Қамқоршылық кеңес мүшелері: Үсенбаев Даурен
Сабралиев Нусуп
Жанабаева Гүлжан
Дүтбаев Қайсар
Елібаева Гүлман
Тлеубергенова Динара