Жанашырлыққа жан риза » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
январь
2018

Жанашырлыққа жан риза


Алға орта мектебінде 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жылдық жоспарына сәйкес, облыстық білім басқармасының 2016 жылғы 25 шілдедегі №02-2620 хатын орындау мақсатында «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен «Мектепке жол» акциясы өткізіліп жүр. Республикалық қайырымдылық акциясы 1-шы тамыз бен 30-шы қыркүйек арасында өткізілуде.
Республика көлемінде өтіп жатқан « Мектепке жол » акциясына қатысып, көптің алғысын алып, құрметке бөленіп жүрген азаматтардың бары көңіл қуантады. « Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын » - демекші, олардың есімдерін атап кеткенді жөн көріп отырмыз. Акция барысында Алға ауылдық округінің әкімшілігі 14000 мың теңге көлемінде Бірімқұл Мәдиге мектеп формасын, Секербек Ақеркеге мектепке киетін туфли мен спорттық аяқ -киім алып берді. Ал жеке кәсіпкерлер А. Диханбаев 5000 теңге,
Л. Мухатаева 5000 теңге, мектеп директоры М.Б.Байшымыров 4000 теңге көлемінде оқушыларға оқу құралдарын әперді. Бұл іс-шараға мектеп ұстаздары да тыс қалып қоймады, 10000 теңге көлемінде бір балаға мектеп формасы мен оқу құралдарын әперді.
Еліміздің болашағы – балалар демекші , біз жетімін жылатпаған халықпыз . « Ұлым дейтін елім болмаса , елім дейтін ұл қайдан шықсын » - деген екен А. Байтұрсынов . Осындай іс – шараға ат салысқан ізгі жандарымыздың игі істері , қамқорлығы жалғасын табатынына сенімдіміз . Акцияға көмек қолын созған кісілерге алғысымыз шексіз. Еңбекте істері өрге бассын демекпіз!

Дайындаған: Жанқоразова Б.И.
Алға орта мектебінің әлеуметтік педагогы