«Менің өлкемнің тарихы» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
11
январь
2018

«Менің өлкемнің тарихы»

Еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, «Өлкетану» бағдарламасы аясында Алға шағын орталықты орта мектебінде көптеген іс-шаралар атқарылуда. Сол іс-шаралардың бірі «Тарихи археологиялық ескерткіштер» тақырыбында 6.12. күні мектеп директоры К Баубекованың бастамасымен мектеп оқушыларын тарихи-археологиялық орын Баласағұн қалашығымен таныстырылды. Мектеп оқушыларына Баласағұн қаласының жалпы тарихы туралы мол мәліметтер берілді.Тарих пәні мұғалімдері М.Примбердиева мен З.Утебаева қаланың шығу тарихы, мәдениеті туралы түсіндірді.
Баласағұн қаласы Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан ірі қалалардың бірі болған. Ұлы Түрік қағанатының кезінде салынған. Түргеш қағанатының саяси орталығы болды. Х-ХІІ ғ.ғ. Қараханидтер мемлекетінің астанасы болып жарияланды. Ортағасырдағы түрік елінің көрнекті ұлы тұлғалары Ж.Баласағұн, М.Қашқари өмір сүріп, қызмет етті.Ж.Баласағұнның «Құтті білік» құнды еңбегі осы қалада жазылды. Баласағұн қалашығы 2014 жылы 25 маусымда Катар мемлекетінің Доха қаласында өткен ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік Мәдени мұралар тізіміне енді.
Орта ғасырда өмір сүрген Ж.Баласағұн 1069жылы былай деп жазып кеткен: «Өнер, білім-қос қанаты адамның, осыменен білерсің тілін ғаламның». Қазақ дәстүрінде балаға әр кезеңде сапалы білім беруге тырысқан. Жол бойы тарихи тұлғалар Ақша батырдың, Ұлы Отан соғысының ардагері Сәду Шәкіровтың, Саттар Естемесовтың құрметіне қойылған ескертіштерге тоқтап, ерліктері жайлы әңгімеледік. Оқушылар бұл саяхаттан мол әсер алды.
Елбасының мақсаты – ұлттың ұлы мұраты. Осы тұрғыда Елбасының мемелекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың бастауына айналарына күмән жоқ.