«Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»
21
май
2018

«Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»

Алға шағын орталықты орта мектебінде 15.05.2018 жылы «Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбында ата-аналар жиналысы болды. Жиналысқа 86 ата-ана қатысты.

Мектеп директоры Баубекова Клара Оразқызы

-« Отбасы – ол да бір шағын мемлекет» екендігін айта келіп, халықаралық отбасы күнімен ата-аналарды құттықтап, жиналыстың тақырыбы мен мақсатын айқындап, күн тәртібіндегі қаралатын мәселелерімен таныстырды.

Директордың оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары -Диханбаева Балнұр Кенжебекқызы күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша «Жыл табысы»- мектептің білім беру жүйесінің жетістіктері туралы айтып өтті. Аудандық, облыстық, республикалық байқауларға білім алушылардың қатыстырылып,

жүлделі орындарға ие болғандарын тілге тиек етті.

     11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттауға байланысты ата-аналарға слайд көрсетіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары - Ердалиева Роза Ушкемпірқызы үшінші мәселе бойынша «Рухани жаңғыру» – адам баласының оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана- сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі негізін бастама етті. Тарих сахнасына көз жүгіртсек, ұлттың өзегінен нәр ала отырып, бүгінгі таңда өрби түсуіне осы «рухани жаңғыру» дәлел екендігін айтып өтті. Осы бағдарлама аясындаақын Аяз Бетбаевтың 75 жылдық мерей тойына байланысты мектебімізде шығармашылық кеш өтті. «Туған мектепке тағзым!» кездесу кеші өткізілді. Шақырылған қонақтардан № 1 Тараз қалалық сотының судьясы Бейсенбаев Досбол, «Ақтеңіз» университетінің магистранты , «Еуразия Ұлттық Университетінің» телерадиожурналистика және қоғаммен байланыс кафедрасында аға оқытушысы Досекеева Дамира, Автожолқұрылыс «Альянс» компаниясының директоры Базарбаев Нартай келді. Мектепке өз көмектерін көрсеткендерін айтып өтті. Президент үшінші қағидасында ұлттық код, яғни, халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап,үні шырқалып тұруын баса айтты. Осыған орай 7 сынып оқушыларын өлкенің тарихи жәдігерлерін көрсету, ата-бабамыздың өмір сүрген кезеңіндегі тұтынған заттарымен, тұрмыстық бұйымдарымен таныстыру мақсатында Шу аудандық тарихи өлкетану мұражайына барып саяхат жасадық. Сонымен қатар қараша айында мектеп директоры К.Баубекованың басшылығымен мектеп оқушылары Баласағұн қалашығына, сәуір айының соңында Тараз қаласының киелі жерлерін аралап қайтты.

Мектеп кітапханашысы Ажибаева Халикүл Шайділдақызы:

- Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық жобасы аясында қазақ тілі халықаралық ғылыми терминдермен байып, тілдің ғылыми стилі нығайып, қазақ тілі ғылыми тілге айналу үрдісі күшейді. Еліміздегі аударма ісі тұрақталып, қазақ тіліне басқа тілдерден ғылыми еңбектердің аударудың сапасы жоғарлай түскенін айтып өтті. Бір қуантарлығы- оқулықтар баршаға қол жетімді, кез келген оқырман кітап түрінен басқа, электронды нұсқаларын оқи алатындығын жеткізді.

Мектеп информатигі – Жусанбаев Мәдениет Дегдомбекұлы төртінші мәселе бойынша Оқу процесін цифрландыруға байланысты ата-аналарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, маусым айынан бастап 6-74 жас аралығындағы ауыл тұрғындарын компьютерлік сауаттылықтарын арттыру мақсатында оқу сабақтарының жүргізілетіндігін хабарлады.

Мектеп психологы Айнакулова Гүлнара Рустемқызы :

-Мектептің қамқоршылық кеңестерінің қызметі және отбасы мен мектептің өзара іс-қимылын күшейту, мектептегі көрсетілген қайырымдылық көмектің ұйымдастырылып, жұмыс өз деңгейінде атқарылып жатқандығын айтты. Мәселен, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 20 оқушы «ЭКСПО-2017» көрмесіне осы 20 оқушының тоғызы барып, қыдырып Астананы тамашалап қайтты. Енді осы жылдың ақпан айынан бастап 1 сыныптың 15 оқушысы түгел ыстық тамақпен қамтылды. Үнемі «Мектепке жол», «Қайырымды көршіге рахмет!», «Қамқорлық» акциялары өткізіліп тұратындығын айтып өтті. Отбасы мен мектеп арасында тығыз байланыс орналасқан. Мектепішілік ата-аналар жиналысында түрлі тест-тренингтер жүргізіліп, кеңестер беріліп отырады. Атаулы күндердегі іс-шараларға ата-аналар үнемі қатысып тұрады. Ата-аналар жиналысында тақырыптық бейнероликтер көрсетіліп, қатысушылар өз пікірлерін ортаға салып, талқылаулар жасалатындығын тілге тиек етті.

11 сынып ата-анасы Елібаева Күлман -Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Бүгінгі жиналыста көптеген ақпараттар алдық, сондықтан ата-ана мен мектеп арасында тығыз байланыс болуы керек, мектеп бітіретін он бірінші сынып оқушыларын белгіленген дайындық кестелерінен қалдырмауға тырысатынын, екі жақты қадағалау дұрыс болса, ҰБТ-дан жақсы нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімдімін деп айтып өтті.

Қарымсақова Айсұлу – ата-ана: Бүгінгі жиналыстан отбасы күні бар екенін білдік, балалардың саяхатқа шығатынын, электронды күнделікке көшетінімізді, компьютерлік сауаттылыққа оқытудың қажет екенін түсіндік. Жаңа оқу жылында балаларды тарихи жерлерді, киелі жерлерді аралатса, қызығушылықтары артады. Мен үшін бүгінгі жиналыс ерекше болды деп сөзін аяқтады.

Мектеп директоры «Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы» тақырыбындаоқылған баяндамалар басшылыққа алып, мектеп пен ата-аналар арасында тығыз байланыс орнатылып, компьютерлік сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізілсін деп жиналысты қорытындылады.

«Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»

 

«Білімді ұлт- білім берудің және отбасылық құндылықтардың сапасы»