Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында
18
май
2018

Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында

Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында

Әлемнің Әуезовы атанған М.Әуезов: «Халықты халықпен,адамды адаммен теңестіретін-білім»-деп текке айтпаған. Мектеп-үйрететін орта, оның жүрегі-мұғалім. Қазіргі заман мұғалім өз пәнінің білгірі ғана емес,интеллектуалдық,шығармашылық қабілеті жоғары , жан-жақты оқушы қалыптастыру-мұғалім міндеті.Оқушылардың шығармашылық қасиетін дамыту-сабақ барысында да,тәрбие саласында да мұғалімнің ізденісін,жаңашылдығын қажет етеді.Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Даулибаева Тұрсын өз мамандығының маманы,жаңашыл мұғалім десем артық айтпаған болармыз.Жаңартылған білім беру бағдарламасымен қатар тәрбие беру үрдісінде оқушының рухани-адамгершілік қасиетін де дамыта білетін маман иесі.Мектеп қабырғасында жастайынан ұстаздық етіп,талай шәкірттің сүйікті ұстазы болған.Біліктілікті арттыру курсының оқыды,бірінші санатты мұғалім.
Жуырда Даулыбаева Тұрсын өзі жетекшілік ететін сынып оқушыларымен Астанамыздың 20 жылдығына орай «Жұлдызды Астана» тқырыбында тәрбие сағатын өткізді. Ондағы мақсаты-Елорда туралы білімдерін толықтыру,сырттай саяхат жасу арқылы әсем қаламыз Астананың келбетті жерлерін тамашалады.Оқушылар еліміздің астанасы 1920 жылдан бастап Орынбор қаласынан бастау алғанын, қазіргі Астанамызға дейінгі жолдарына тарихи шолу жасап өтті.Қазіргі көркейген Астанамыз Елбасының ерен еңбегі екенін де оқушылар зор ықыласпен,тебіреніспен жеткізді. Астана қаласына барған Кеңесбай Нұрбек пен Бейсенғали Нұрсаямен әңгіме өрбітті,олар Астананың көрікті жерлерін аралағандарын, «Бәйтерекке» шығып,өз тілектерін жеткізгендерін, ЭКСПО-ны тамашалағандарын зор тебіреніспен, мақтанышпен айтып,өз қуаныштарын достарымен бөлісті.Кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру,кітапхана мен оқушы арасын байланыстыру мақсатында кітапханалық сабақтар, кітапханаға саяхат жұмыстарын жүргізіп отырады.Оқушылары аудандық, республикалық қашықтық байқауларының жүлдегерлер. Бұл әрине, мұғалім еңбегінің жемісі.Осындай білікті,жаңашыл мұғалімдеріміз-оқушыларымыздың бақыты десек те болады.

Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында
Ұрпақ болашағы –ұстаз қолында