Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар
18
май
2018

Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар

Жуырда Алға шағын орталықты орта мектебінде «ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеу және психологиялық қолдау элементтері» тақырыбында психолог –мұғалімдер арасында семинар-тренинг өтті. Әрине, алдымызда үлкен науқан-ҰБТ.
Ондағы мақсат-ҰБТ-ге дайындық кезінде өзін-өзі реттеуін, өзін-өзі бақылау дағдысын,сенімділігін арттыру.
Семинар-тренингтің ашылу тізгінін мектеп директоры Баубекова Клар Оразқызы алды.Семинар-тренингке қатысушылардың эмоциялды көңіл-күйін көтеру,өздеріне құрметпен қарау,психологиялық қолдау көрсету мақсатында осы мектеп психологы Айнақұлова Гүлнара Рустемқызы келген қонақтармен «Танысу» тренингін өткізді. Осы мектеп мұғаліміне ерекше тоқталғым келіп отыр.Айнақұлова Гүлнара мектебіміздің мақтанышы,өз пәнінің білікті маманы, оқушылармен тығыз байланыста жүреді. Байсалды,парасатты мінезімен ұжым арасында да беделді.Психологиялық жағдаяттардың шешімін тауып,қолдау көрсетіп отырады.Аудан,облыс,республика көлемінде түрлі байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.Атап айтқанда аудан көлемінде өткізілген «Үздік жыл психологі» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, Бүкілқазақстандық сырттай «Ақ қанат арман» байқауына қатысып,алғыс хатпен мараппатталды, «Рухани жаңғыру» ақпараттық-сараптамалық орталығы ұйымдастырған «Үздік педагогикалық мақала» республикалық конкурстың «Үздік эссе» номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Әрине,бұл ұстаз еңбегінің жемісі.
Аталмыш семинар-тренингтің жүргізілу барысында мектеп психологі «Ашық микрофон» айдарымен «Еркін ой-пікірін» білдіру мақсатында псхолог мұғалімдер ҰБТ тақырыбына байланысты сұрақ-жауап алынды. Ой-пікірлерін ортаға сала отырып, түлектерге деген жылы лебіздерін жүрекшелерге жазды,оны түлектер оқып, өздеріне рухани күш жинағандай болды, «Жақсы сөз-жарым ырыс» деген осы емес пе! Және де осы семинар-тренинг тақырыбына байланысты 11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді.Онда бірнеше әдіс қолданылды. Топ жұмыстары жүргізілді.Сәлемдесуге байланысты әр елдің сәлемдесу дәстүрін қолданды. «Ой шақыру» тақырыбы бойынша,әр оқушының ҰБТ-ге деген көзқарасы,ішкі түйсігі айқындалды.
Тақырып аясын кеңейтуде С.Сефуллин орта мектпебінің психологі Б.Тулешова «Баланың ойын дамыту» №40 мектебінен А.Қожабергенова «Баланың ҰБТ-ге дайындық кезінде ата-ананың рөлі» тақырыбында тренингтер, Төле би орта мектебінің психологі Г.Алагузова ата-аналармен кеңес өткізді.Семинар-тренингті аудандық білім бөлімінің әдіскері Ш.Тоққожаева қорытындылап, алдағы уақытта да осы жұмыстар жалғасын табады-деді.

Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар

 

Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар

 

Мектептегі ҰБТ-Болашаққа бағдар

 


Похожие публикации:

12 апрель 2018 Мәлімет