«Кітап-сарқылмас рухани қазына» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Кітап-сарқылмас рухани қазына»
20
май
2018

«Кітап-сарқылмас рухани қазына»

Аудандық білім бөлімінің әдіскері Г.Сабалақованың басқаруымен аудандық мектеп оқушыларының арасында аудандық оқырмандар конференциясы Сауытбек аукылындағы Алға шағын орталықты орта мектебінде өтті.Мектептегі «Бозторғай»үйірмесінің орындауында «Жыр-әнім-Шу», «Атамекен» хор және де жеке дауыста 10 сынып оқушысы Бірімқұл Жауқазын халық әні «Бүлдіргенді» орындады. «Ән-көңілдің ажары» демекші оқырмандар көңіл-күйін бір серпіп тастады.. Аталмыш конференция мақсаты:Мүшелтой иелерінің шығармаларын оқыта отырып,жас ұрпақты кітап оқу дағдысын қалыптастыруға,рухани және танымдық дамуға бағыттау.Оқырман конференциясының тәртібі үш бөлім бойынша жүргізілді.
Бірінші бөлім М.Әуезовтың 120 жылдығына орай «М.Әуезов шығармаларындағы қорғансыздың тағдыры мен бүгінгі қорғансыздар туралы»5-7 сыныптар аралығында.
Екінші бөлімде Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына «Шерағаның шиырлары» 8-9 сыныптар аралығында.
Үшінші бөлімде М.Жұмабаевтың 124 жылдығына «Рухани жаңғыру және Мағжан шығармаларындағы түркі тану» 10-11сыныптар аралығында.
Аудандық мектеп оқушылар конференцияда тақырыпқа байланысты сыни ойлау,өз пікірлерін дәлелдеу,логикалық жүйенің сақталуы сөз өнеріне икемділігі т.б.бақылауға алынды.«Білекті бірді жығар,білімді мыңды жығар» демекші біліммен сусындаған оқушы әрқашанда биік шыңнан көрінері анық.
Сараптаушылар алқасы оқырман еңбегін жете бағалап оң бағасын қоя білді.Яғни, М.Жұмабаевтың 124жылдығына «Рухани жаңғыру және Мағжан шығармаларындағы түркі тану» тақырыбы бойынша С.Сейфуллин атындағы орта мектептен 11 сынып оқушысы Қаймолда Жарқынай 1 орынды иеленді,Ғани Мұратбаев 9сынып оқушысы Әуес Самал 2 орынды иеленді және11 сынып оқушысы Қошабай Азамат «Парасатты оқырман» номинациясын алды.Макаренко орта мектебінен 7 а сынып оқушысы Тұрғынбек Диана 3 орын, 9 а сынып оқушысы Абай Ұлбосын «Болашақ сыншы» номинациясын иеленді, Т.Рысқұлов орта мектебінен 7 б сынып оқушысы Паралиева Сағынай 2 оынды иеленді,О.Жандосов орта мектебінен 9 сынып оқушысы Манатай Аяжан 3 орын иеленді,Абай ауылы мектебіне Қожанова Айгерім 2 орын,Болатқызы Балжан «Әдебиеттанушы» номинациясына ие болды.М.Мақатаев орта мектебінен 10 сынып оқушысы Доғдырбай Ақниет 3орын , 7 сынып оқушысы Тұрғынбай Дина 3 орынды иеленді,ҒмМұратбаев орта мектебінен 9 сынып оқушысы Әуес Самал 2 орын,Қошабай Азамат «Парасатты оқырман» номинациясын иеленді. С.Шакиров орта мектебінен Тұрғынбай Аида 2 орын,49 негізгі мектептен Іңкәрбек Темірлан 3 орынды иеленді.
«Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығады» демекші Алға шағын орталықты орта мектебінің 11сынып оқушысы Кеңесбай Нұржан М.Жұмабаевтың 124жылдығына «Рухани жаңғыру және Мағжан шығармаларындағы түркі тану» бөлімінен бас жүлде,Т.Ашимбаев орта мектебінен 7 сынып оқушысы Мадибек Алуа М.Әуезовтың 120 жылдығына орай «М.Әуезовтың шығармаларындағы қорғансыздың тағдыры мен бүгінгі қорғансыздар туралы» тақырыбында бас жүлде,Ж.Жабаев атындағы гимназиядан 9 сынып оқушысы Рысбай Марғұлан Шерхан Мұртазаның 85 жылдығына «Шерағаңның шиырлары» бөлімінен бас жүлделерін қанжығаларына байлап,облысқа жолдама алды.
Әрине, осы жеңістің барлығы көп еңбекті,іздемпаздықты,кітапқұмарлықты қажет етеді.
Кітапханашы -мәртебелі мамандық,
Кітаппенен оқырманды жалғадық
Оқырманға кеңес бердік әрқашан.
Білімпазға бар жағдайды жасадық-дегендей әрқашан оқырман жүрегіне жол таба білейік!
«Артық білім кітапта,ерінбей оқып көруге», деп Абай атамыз айтпақшы,адам баласы үшін кітап тілсіз тәрбиеші.Қоғам үшін әр оқырман-мәдениеттанушы,тарихтанушы рухани бай адам.