Жігіт сұлтаны-2018 » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
март
2018

Жігіт сұлтаны-2018

«Жігіттер сегіз қырлы, бір -сырлы бол» атты жігіт сұлтаны сайысы
Мақсаты:
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. Егемен еліміздің ертеңін нұрлы етер Барыс текті намысты ұрпақ тәрбиелеу.

Жүргізуші: Мектебіміздің түлегі, мақтанышы, мәнерлеп оқудың хас шебері, жас талант, болашағынан мол үміт күттіретін Кеңесбай Нұржанның орындауында сайысымыздың ашылу сәтіне мына бір туындыны қабыл алыңыздар.

1 жүргізуші
Ассалаумағалейкум халқым менің,
Ассалаумағалейкүм салты елдің.
Жаңғыртпақ «ата-баба» салтын бүгін,
«Қырағы жігіттері» мектебімнің.
Ассалаумағалейкум Ұстаздарым,
Ассалаумағалейкум Құрдастарым.
Қазақтың салт –дәстүрін қадірлейтін,
Айбарлы жүргізуші мен боламын.

2 жүргізуші
Дүбірлі сайыс бүгін елімізде,
Пейілі ақ,қонақжай -жерімізде.
«Сын шақта шыңдалған- жігіт қана»
Лайық «Сұлтан» -деген мәртөбеге
«Сұлтаны жігіттердің» анықталсын!
Өнеріне мына жұрт- Қанық болсын!
Дүбірлі қошаметпен шақырайық,
Сайыскер жігіттерге табыс болсын!
«Жігіттер сегіз қырлы, бір -сырлы бол» қатысушы жігерлі жігіттерімізді қошаметпен ортаға шақырамыз:
1) 5 сынып оқушысы- Мырзахан Жасұлан
2) 6 сынып оқушысы: - Жандосов Ерасыл
3) 7 сынып оқушысы- Иса Диас
4) 8 сынып оқушысы- Қажымұқан Нұрғиса
5) 9 сынып оқушысы- Қонысбай Әділет
6)10 сынып оқушысы- Қаймолда Жангелді

1 жүргізуші
Қазыбектей халқыңның данасы бол,
Қарабастай жұртыңның бабасы бол,
Елін қорғап дұшпанға соққы берген
Үш жүздің Бөгенбайдай панасы бол,
Майлыбайдай-ақынның жүрегі бол.
Еліңе Нұралыдай- айтулы бол,
Қобыланды батырдай- Белгілі бол.
Елімнің Ер жігітке сенімі- мол !


2 жүргізуші
Деп қазақ бата берген ұлдарына
Үңілсең мағына көп -астарында,
«Қазағым өсіп –өніп ,көркейсін!»- деп
Қалдырған өсиетті де, батаны да!
Сөз алдық алдыңызда қос дүлділің
Әділдікпен беретін өз төресін,
Сіздерді салтанатпен таныстырам
«Әділ –қазы» шынайы- біз сенетін!

1 Жүргізуші
Жаңа келсе де мектепке,
Бауыр бастық біз демде.
Әділ болар бәрі де
Бүгінгі сайыс кешінде!
Әділ –қазылар алқасының төрайымы: Мектебіміздің директоры:Баубекова Клара Оразқызы.

2 жүргізуші
Таудай асқақ бойы бар,
Бойына сай ойы бар.
Қызметі де кем емес,
Тәртіпке салар бәрін тез!
Әділ –қазылар алқасының мүшесі Мектебіміздің тәрбие –ісі жөніндегі меңгерушісі: Ердалиева Роза Үшкепірқызы

1 жүргізуші
Жарқырап ақ күмістей кең маңдайлы,
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.
Білімін таразыға салып көрсең ,
Бір тонна алтының да, баса алмайды.
Әділ –қазылар алқасының мүшесі Қазақ тілі ж/е қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Смағұлова Гүлайым Байбосынқызы

2 жүргізуші
Жігітті серілікке баптайтұғын,
Мүлт кетсе, қатаң түрде даттайтұғын!
Бітімін батырлардың жасап берер,
Намысын -тізгініне байлап тұрып!
Әділ –қазылар алқасының мүшесі: БӘД: Тұрмаханбетов Дүйсен Әзімбайұлы

1 жүргізуші:
Сап түзеді жігіттің сұлтандары
Мектептің «менмін» деген ұландары
Қоржыннан бір –бір асық алса екен
Сахнаға- шығатұғын тұмарлары.
Жігіттер бір-бір асықтан алады.
Жігіттер асықтағы сандарды атап шықсаңыздар!: (Жігіттер атап шығады.)
Енді осы аталған сандардың реттік қатары бойынша сахна төріне шығасыздар! Алғашқы сайысқа дайындық жасауларыңызға РҰҚСАТ!



2 жүргізуші
Ал ендеше бастайық,
Әдептен біз аспайық
Сайысты ашып беретін,
Әнмен шашу төгетін
Сыныбының еркесі
Жанель шықсын ортаға! Жанельдің орындауында----------------------- мына тамаша әнді қабыл алыңыздар

1 Жүргізуші:
Сәлем сөздің анасы,
Деген бар ғой қазақта.
Жігіттердің сайысы,
Сәлемімен басталса!
Жеті атасын білмейтін,
Жетесіз ел емеспіз.
Өзіңізді жігіттер ,
Таныстырып өтесіз!
Алдарыңызда : СӘЛЕМДЕСУ,ТАНЫСТЫРУ сайысы. Жігіттерді ортаға шақырамыз.

2 жүргізуші:
Өнерлі өрге шабады,
Жігіттер қайда манағы?
Бап емес бақ шабады,
Қазылар болар қырағы!
Алдарыңызда «Жігітке жеті өнер де аз» өнер сайысы. Ән, би, немесе өлең оқу. Жігіттер реттік номерлеріңіз бойынша сахнаға шығыңыздар

1 жүргізуші:
Білекте күш те, қайрат та,
Санадағы ой да, салмақты!
Қол өнерін байқайық,
Бал тамған он саусақтан!
Жігіттердің шеберлігін байқайтын сын «Үй жұмысы» сайысы. Қол өнерлеріңізді реттік сандарыңызбен халыққа таныстырып
әділ-қазылар алқасына тапсыруларыңызды сұранамыз!


2 жүргізуші:
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру сайысы. Жігіттерімізді ортаға шақырамыз! Өз ретімен шығып бата береді.


1 жүргізуші
Келесі сайысқа жігіттеріміз дайындалып алғанша Әбихан Аружанның орындауында «Жаса қазақ жігіттері» әні

2 жүргізуші:
Байырғы қазақ киімін,
Алдыңызға үлгі етер.
Қазақтың салты, дәстүрі,
Санаңызды нұрлы етер!
Алдарыңызда «Сән үлгісі» сайысы.
ЖІГІТТЕР СІЗДЕРГЕ КӨП РАХМЕТ!

1 жүргізуші
Ата-баба Дәстүрін,
Қаншалықты бағалар!
Жігіттердің ақылын,
«Сұрақ –жауап» шамалар.
Қазақтың салт-дәстүріне байланысты «сұрақ-жауап» сайысы! Жігіттер бәріңіз сахнаға шығып қоржыннан асық аласыздар, Асықтағы сан сіздің билет номеріңіз болады! Билеттігі сұраққа жауап кімде дайын болса жауап беруіне рұқсат.
Сұрақтар:
№1 асық. Төрт түлік мал пірінің аталуы қалай?
1. Түйе – Ойсылқара
2. Жылқы – Қамбар ата
3. Қой – Шопан ата
4. Ешкі – Шек-Шек ата
5. Сиыр – Зеңгі баба
№2 асық. Қазақша ай аттарының аталуын айту керек.
1. Қаңтар 7. Шілде
2. Ақпан 8. Тамыз
3. Наурыз 9. Қыркүйек
4. Сәуір 10. Қазан
5. Мамыр 11. Қараша
6. Маусым 12. Желтоқсан

№3 асық. Үш ұғым туралы сұрақтар
1. Үш жүз: Ұлы, Орта, Кіші
2. Үш арсыз: Ұйқы, тамақ, күлкі
3. Үш даусыз: Мінез, кәрілік, ажал

№4 асық. Жеті атаны талдап беру.
Ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

№5 асық. Жыртқыш құстардың атын ата.
Бүркіт, лашын, қыран, қырғи.

№6 асық. Аттың ер-тұмандарына нелер жатады?
Жүген, ішкілік, тоқым, ер, үзеңгі, аткөрпе, тартпа, қамшы.

Әділ –қазылар алқасының шешімі дайын болғанша тамаша әнге берейік! тамашалаңыздар!

2 жүргізуші
Осымен біз сайысты тәмәмдаймыз,
Жігіттердің сұлтанын сіз таңдайсыз.
Ата-баба дәстүрін қадір тұтып,
Жаңғыртып отырудан біз талмаймыз! Кімнің бағы жанып, бабы шауып тұрғанын анықтайтын кез де келіп жеткен сияқты. Ал, ендеше келесі сөз сайыстың әділдігін айтар әділ-қазылар алқасына береміз.

1 Жүргізуші:
Тұяқтарың мұқалмасын
Қанаттарың талмасын
Жаман адам кез келмесін
Аяқтардан шалмасын
Жігер болсын көздеріңде
Қатардан еш қалмаңдар
Шат заманда, сүйікті елде
Биіктерге самғаңдар!- дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз! Қош сау болыңыздар.