"Ауған от жалыны" атты тәрбие сағаттары » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ауған от жалыны" атты тәрбие сағаттары
15
февраль
2023

"Ауған от жалыны" атты тәрбие сағаттары



Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде Кеңес әскерлері шектелген контингентінің Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығарылғанына 34 жыл толуына байланысты "Ауған от жалыны" атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу;
Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету;
Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Оқушылар дайындаған ән-би жырларын арнап, азаматтарымызға елге аман-сау оралып, денсаулық тілеп,  батырларымызды мәңгі есте ұстап, құрметтеу керектігін айтып өтті.