Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы
25
октябрь
2019

Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы

  Алға шағын орталықты орта мектебінде отбасы тәрбиесі мәселелерінің  өзектілігі  ,   оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау   ,  баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының ролінің маңыздылығы   , оның патриоттық көзқарасын қалыптастыру  мақсатында « Отбасы – тәрбие басы , мектеп – тәрбие жаршысы» атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттары барысында балалар отбасы құндылықтары туралы айтылды.
Отбасым - менің жүрегім
 Отбасым - менің тірегім
 Отбасым – менің Отаным
 Тек сен деп соғар жүрегім  - демекші отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Педагог- ғалымдар С. Қалиев, М.Смайылова “ Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя” деп бекер айтпаған. Сынып сағатында айтылғандардан ”Түп қазығың - Отаның, ар - намысың - тілің, кәусар бұлағың - ұстазың, қамқоршың - әкең, ақылшың – анаң” деген сөздер балалар жадында мәңгі қалары сөзсіз.