Түркістан қаласында орын алған балалар арасындағы әлімжеттілік туралы өткен ер балалар жиналысы » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түркістан қаласында орын алған балалар арасындағы әлімжеттілік туралы өткен ер балалар жиналысы
04
февраль
2019

Түркістан қаласында орын алған балалар арасындағы әлімжеттілік туралы өткен ер балалар жиналысы

К.Баубекова басшылық етіп отырған Алға шағын орталықты орта мектебінде Шу аудандық ІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы А.Мұсабектің, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ердалиева, психолог Г.Айнақұлова, оқытушы-ұйымдастырушы Д.Тұрмаханбетов, дене шынықтыру пәні мұғалімі М.Джумабаев, мектеп мед.бикесі Ш.Шаханова және де сынып жетекшілер мен ер балалармен жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың , әлімжеттіктің алдын алу мақсатында ұлдар арасында жиналыс өткізілді. Балаларға жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің видеосы көрсетіліп, Түркістан қаласындағы әлімжеттіктің жоғары деңгейде орын алғандығы баса айтылды.А.Мұсабектің бейнежазбадағы оқиғаның жауапсыз қалмайтындығын, ата-анасымен жауапкершілікке тартылатындығын айтты. Қазіргі кезде белең алып бара жатқан әлімжеттілік мәселесі туындаған жағдайда сынып жетекшісіне не мектеп психологына жасырмай айту керектігін, шешімін табуға болатындығын баса айтты.Балаларды зиянды әрекеттерден дер кезінде сақтандыру, қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу үшін жүргізген жұмыстар,кездесулер бала болашағы үшін үлкен орын алары сөзсіз. Мектеп психологы Г.Айнақұлова «Әлімжеттік дегеніміз не?» тақырыбында сауалнама алынып, ондай жат қылыққа наразы екендіктері көрсетілді.. Әрине, бұл оң пікір. Онда балаларға балалар мен жасөспірімдер арасында кездесетін қылмыс түрлерімен хабардар етіп, түн мезгілінде бей-берекет жүрмеу керектігін,ата-аналар тарапынан балаларын дүкенге ішімдіке, темекі өнімдеріне жұмсамау керектігі, яғни баласы үшін жауапқа тартылатындығы айтылды. Мектеп директоры К.Баубекова ер бала тәрбиесіне әкенің зор ықпалы керек екендігін баса айтты. «Бала-байлығымыз, Ал ең асылымыз оның тәрбиесі» деп Ж.Баласағұн бабамыз айтқандай, бала тәрбиесі басты назарда тұруы тиіс.
Түркістан қаласында орын алған балалар арасындағы әлімжеттілік туралы өткен ер балалар жиналысы
Түркістан қаласында орын алған балалар арасындағы әлімжеттілік туралы өткен ер балалар жиналысы