Ерте жүктіліктің алдын алу » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ерте жүктіліктің алдын алу
12
декабрь
2018

Ерте жүктіліктің алдын алу

Алға шағын орталықты орта мектебінде 2018 жылдың 12 желтоқсан күні «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында 8-11 сынып қыздары арасында жиналыс өтті. Жиналысқа мектеп директоры К.Баубекова, ауылдық фельдшері Т.Үркербай, ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Жанабаева, мектеп медбикесі Ш.Шаханова, мектеп психологы Г.Айнакулова, Биология пәні мұғалімі Б.Канайкулова қатысуымен өтілді. Жиналыс барысында ауыл фельдшері Т.Үркебай «Қыздар тәрбиесінің дәстүрлі құндылықтарымен сабақтастығы» тақырыбында кеңес берді. Мектеп медбикесі Ш.Шаханова «Қыз бала гигиенасы және жүктіліктің алдын алу» тақырыбында баяндама оқыды. Аталмыш тақырыпта мектеп психологы Г.Айнакулова слайдпен шолу жасады. Ата-аналар комитетінің төрайымы Г.Жанабаева ақыл-кеңес айта отырып, алдағы уақытта қыздарымыз жат қылықтан аулақ болуын баса айтты. Мектеп директоры К.Баубекова қыздарымыздың бойынан жаман қылық байқамайтындығын , алдағы уақытта қыздарымыздан оғаш нәрсе болмайтындығын сеніммен айтып, жиналысты қорытындылады.
Ерте жүктіліктің алдын алу
Ерте жүктіліктің алдын алу

Ерте жүктіліктің алдын алу