Мектеп директоры К.О.Баубекованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп директоры К.О.Баубекованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
14
ноябрь
2018

Мектеп директоры К.О.Баубекованың қамқоршылық кеңес алдындағы есебі

Сауытбек ауылы 13. 11.2018 жыл
Алға шағын орталықты орта мектебі

1.Мектеп директоры К.О.Баубекованың қамқоршылық кеңес
алдындағы есебі

Қамқоршылық кеңес – қоғамның білім саласын басқаруға қатысу формаларының бірі. Бұл білім саласын, не болмаса нақты бір білім беру мекемесін дамытуға мүдделі адамдарды ерікті негізде біріктіретін мемлекеттік емес, коммерциялық емес, қоғамдық ұйым. Ол білім беру ұйымдарына қолдау көрсету мақсатында құрылады.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27 шілдедегі №355 бұйрығымен бекітілген «Қамқоршылық кеңес қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгілік Ережелерінің» негізінде мектепте көрсетілген қайырымдылық көмек ұйымдастырылып, жұмыс өз деңгейінде атқарылуда.
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен өткізілді. Іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Дүкендер мен ауыл көшелеріне үндеу қағаздары ілінді. Аз қамтылған, жетім отбасынан шыққан оқушыларға материалдық көмек көрсету үшін демеушілерге қатынас хаттар таратылды.
Акция барысында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» орталығының ұжымы 3 оқушыға 60 мың теңге көлемінде оқушыларға мектеп формасын, сөмкесін, спорттық киімін, красовкасын, ақ жейделерін әперді. Сауытбек ауылындағы жеке кәсіпкерлер Диханбаев Айтбек 1 оқушыға мектеп формасы мен сөмкесін, оқу құралдарымен 30000 теңге көлемінде әперді. Жеке кәсіпкер Абикеев Төлеу 1 оқушыға 20000 теңге көлемінде мектеп формасы мен сөмкесін, ақ жейдесін, спорттық киімі мен туфлиін әперді. Жеке кәсіпкерлер Тұрмаханбетов Дүйсен 1 оқушыға 20000 теңге, Пернебаев Алмабек 15000 теңге, Еділбаев Доғдырбай 1 оқушыға 15000 теңге, Алмаханов Саят 1 оқушыға 15000 теңге көлемінде мектеп формалары мен сөмкесі, аяқ киімдерін әперді. Жеке кәсіпкер Мұхатаева 1оқушыға 5000 теңгеге оқу құралдарын әперді. Сауытбек ауылдық клубы ұжымы 2 оқушыға 8000 теңге көлемінде аяқ киім әперді. Мектеп ұжымы да тыс қалып қоймады, 2 оқушыға 15000 теңге көлемінде оқу құралдары мен мектеп сөмкесін әперді.
Алға шағын орталықты орта мектебінде «Қарттар- тарих,қазына ,ел қазығы » тақырыбында мерекелік іс-шара өтті.Мерекелік іс-шараға ауылдың қариялары мен мектептің ардагер ұстаздары шақырылды.Мерекеге дайындықтар мұқият жасалып,сахнаға безендіру жұмыстары жүргізілді, қонақтарға арнайы жасалған құттықтау ашықхаты таратылды. Мерекеге Алға ауылдық округінің әкімі Бағдат Есбергенов, ауыл ақсақалдары қатысып жылы лебіздерін білдірді. Кеште мектеп директоры К.О.Баубекова қарттарға жылы жүрекжарды лебізін білдірді. Мектеп оқушылары ата-апаларына әдеби –сазды қойылымдар әзірледі. Кеш соңында дастархан жасалып ас таратылды. Игілікті іс-шараға қариялар ризашылықтарын білдіріп ақ баталарын берді.Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету-ата бабадан келе жатқан салтымыз.Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
"Мектепке жол" акцияның жүргізілу барысы жөнінде ақпараттарды жергілікті "Шу өнірі" және облыстық «Еңбекші» газетінде жарық көрді.
2018 жылдың 29 қазанында мектепте «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тәрбиелеу міндеті жүктелген қамқоршыларды қолдау болып табылады.
Мереке соңында сөз кезегін ата-аналар комитетінің төрайымы Жанабаева Гүлжан Айтбаевна қорғаншылар мен қамқоршыларға алғыс хат, 5000 теңге көлемінде сыйлықтар беріп марапаттады.
Аз қамтылған, жетім, көп балалы отбасы балаларына жергілікті бюджет тарапынан қыстық күртеше мен аяқ-киімдер берілді.
Ерлер аяқ киімі- 8 шт, ерлер курткасы – 5 шт
Қыздар аяқ киімі – 5 шт, қыздар курткасы – 2 шт