29 қазан "Қамқоршы күні" » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
ноябрь
2018

29 қазан "Қамқоршы күні"

2018 жылдың 29 қазанында мектепте «Қамқоршы күні» мерекесі аталып өткендігін хабарлайды. Бұл шараның негізгі мақсаты – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды тәрбиелеу міндеті жүктелген қамқоршыларды қолдау болып табылады.
28 қазанда мектепте «Қамқоршы күні» мерекесін өткізу туралы бұйрық шығарылып, жоспары құрылып бекітілді. Мұғалімдер мен оқушыларды жоспармен таныстырып, мереке өткізілетін орынды безендіру жұмыстары ұйымдастырылды.
29 қазанда «Бақытты балалық шақ» атты оқушылардың жеке фотогалереясы өтті. «Мейірімі мол жандар» атты әдеби – сазды бағдарламаны мектебіміздің директоры Баубекова Клара Оразқызының құттықтау сөзімен ашты. Бағдарлама барысында ән, би, мәнерлеп оқудан мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Жүрегі мейірімге толы, жүзі қуанышқа толы жандарымыз көп болсын деген тілекпен, мереке соңында сөз кезегін ата-аналар икомитетінің төрайымы Жанабаева Гүлжан Айтбаевна қорғаншылар мен қамқоршыларға алғыс хат, балаларға сыйлықтар беріп марапаттады
29 қазан "Қамқоршы күні"
29 қазан "Қамқоршы күні"
29 қазан "Қамқоршы күні"