«Ер қанаты – ат» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ер қанаты – ат» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты
19
февраль
2019

«Ер қанаты – ат» тақырыбында өткізілген тәрбие сағаты



Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтын «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының қисынды жалғасы екені баршамызға мәлім. Ұлттық болмысымызды сақтап, тарихымызды жаңғырту жайлы сөз болғанда, алдымен жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындатуға ерекше көңіл бөлудің мән-маңызына кеңірек тоқталды. Мақалада Елбасымыз ұлттық тарихымыз қай бағытта жазылу керектігінің 7 тарауын ашық көрсетіп берді. Біздің бес мың жылдық тарихымыз мақалада «Атқа міну мәдениеті» тарауында көрсетілген. Осыған орай мектебімізде 7 сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Джумабаев Мадияр «Ер қанаты – ат» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Онда жылқы малының тарихы, атқа міну мәдениеті, аттың сыны, жылқының түрлері және одан алынатын өнімдер туралы айтылды.