Еңбек күні » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сентябрь
2023

Еңбек күні

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні"  болып белгіленген. Алға орта мектебінде  «Еңбек Күніне» орай еңбек ардагерлеріне  арнап іс-шара өткізілді, іс шара барысында еңбек ардагерлері шақырылып білім алушылармен  сұхбаттасып, кеңестерін беріп, еңбек жолдарымен және өмірбаяндарын әңгімелеп берді. 
Іс-шараның мақсаты жастардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру, еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. елдің еңбекпен көркейетінін ескерсек, еңбек адамының қоғамда қашанда орны ерекше, абыройы биік. Халық еңбекке бейім болса, ел ырысқа кенеліп, өзгелермен терезесі теңеліп, бақуатты, бәсекеге қабілетті мемлекет болып нығаяды. Сондықтан айрықша маңызға ие Еңбек күнінің мақсаты осынау құндылықтарды құттықтау, еңбекқор азаматтардың беделін көтеру, өнімді еңбек етуге ынталандыру екені сөзсіз.
Аталмыш іс-шарада Еңбек күні мерекесімен құттықтап, білім алушылар еңбек ардагерлеріне музыкалық сәлем жолдап, сыйлықтар табысталды.