Короновирус » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
13
март
2020

Короновирус

ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!
Елімізде халықты коронавирустық инфекциядан қорғау шаралары күшейтілуде. Осы орайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақстында білім басқармасы тарапынан тиісті жұмыс атқарылуда. ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығына сәйкес:
🔴 Балабақшалар әзірше жұмыс істей береді. Бала бірнеше күн балабақшаға бармаса да, орны сақталады. Баланы балабақшаға жіберу, жібермеу ата-ананың өз еркінде. Мектепке дейінгі білім мекемелері күшейтілген залалсыздандыру режиміне көшкен.
 🔴 Қосымша білім беру ұйымдарының, оқушылар сарайы, музыка, өнер мектептерінің жұмысы 15 сәуірге дейін тоқтатылды.
 🔴16 наурыздан 15 сәуірге дейін каникул кезінде мұғалімдер үйлерінде болып, қашықтықтан жұмыс істей алады (еңбек ақы сақталады).
 🔴 Пәндік олимпиада, спартакиадалар кейінгі шегерілді.
 🔴«Балдәурен», «Бөбек» лагерьлеріне балалар жіберілмейді.
 🔴 Колледж студенттері қашықтықтан оқытылады. ZhambylTipo арнайы проталы енгізіліп, педагогтар жұмыс жүргізуде.
 🔴 Студенттердің үйлеріне қайтуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, жатақханада қалуға мүкіндік қарастырылған. Оқу орындарының басшыларына тиісті тапсырмалар берілді. Бірақ, әр студент өз бөлмесінде болуы тиіс. Сыртқа шығуға рұқсат берілмейді. Жатақханалар күшейтілген залалсыздандыру режиміне көшкен.
 🔴 Балалар үйлері де жұмыс жасай береді. Тек, сырттан адамдардың келуі тоқтатылды. Балалар үйлері күшейтілген залалсыздандыру режиміне көшкен.
 🔴 Педагогтердің біліктілігін арттыру курстары онлайн-форматта өткізіледі. Кейбір курстардың өткізу мерзімі ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығына ауыстырылды.
 🔴 Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы мен ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» Ұлттық зияткерлік олимпиадасының IV кезеңін және басқа да конкурстарды өткізу мерзімдері кейінге шегерілді.