Орта білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Орта білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар
07
сентябрь
2019

Орта білім беру ұйымдарында мектеп формасына қойылатын талаптар

Құрметті ата-ана!

Қазақстан демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет болып табылады. Осыған орай, Қазақстандағы мемлекеттік шешімдер қандай да бір діннің немесе олардың жекелеген ұстанушыларының мүдделерін емес, бүкіл қоғамның мүдделерін ескеру негізінде қабылданады. 

Елімізде діни бірлестіктер еркін және ашық қызмет атқарады және олардың барлығының құқықтары мен міндеттері Конституция мен еліміздің заңдары алдында тең.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес, білім берудің зайырлы, гуманистік және үдемелі сипаты мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының негізгі қағидаты болып табылады. Сондықтан мектептерде діни бірлестіктердің қызметіне тыйым салынған және оқушылар білім беру ұйымдарында белгіленген киім үлгісін сақтауға міндетті.

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында еліміздегі білім беру және тәрбиелеу жүйесі діннен және діни бірлестіктерден бөлінгендігі және зайырлы сипатта (рухани (діни) білім беру ұйымдарын қоспағанда) екендігі көрініс тапқан. Бұл зайырлы мектептерде қандай да бір дінді тікелей немесе жанама түрде насихаттауға жол берілмейтіндігін білдіреді.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген діни сипаттағы белгілері жоқ бекітілген киім формасын сақтау туралы талаптар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысының зайырлы қағидатына және жалпы білім беретін мектептердің міндеттеріне сәйкес келеді. Заңнама нормалары барлық конфессия өкілдері үшін міндетті, бұл талаптар оқушылардың дін ұстану бостандығы құқығын шектемейді және олардың діни сезімдерін қорламайды. 

Сонымен қатар, мектеп формасына қойылатын жаңа талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен акцессуарлар киюге де тыйым салынады.

Осы ретте, жалпы білім беретін барлық мектептерде бірыңғай мектеп формасын сақтау туралы ұсынымдар бұған дейін де болғандығын атап өткен жөн. Еліміздің мектептерінің ішкі жарғыларында оқушылардың белгілі бір дінге қатыстылығын көрсететін киім киюге жол берілмейді.

Біздің мектептің Жарғысының __4__ тармағының _81___  тармақшаларына сәйкес   «Ұлдардың мектеп формасы:

      пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

      Қыздардың мектеп формасы:

       пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. 

      Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан құралады.

      Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, кез келген діни атрибуткаларды (орамал, хиджап, паранжа, кимешек, никаб, т.б.) киюге тыйым салынады.

Оқушының мектеп формасына қойылатын талаптары бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен акцессуарлар киюге тыйым салынады». 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген   «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» (бұдан әрі - Талаптар) 2 тармағының 19 тармақшасына сәйкес, мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі.

Талаптардың 3 тармағының 27 тармағына сәйкес мектеп басшысы ретінде осы Талаптармен Сіздердің балаларыңызды білім беру ұйымына қабылдау туралы өтініш (еркін нысанда) беру кезінде қол қойғызу арқылы және жалпы мектептік ата-аналар жиналысында таныстырдық. 

Сонымен қатар, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың ережелері мектеп әкімшілігі мен ата-аналар (заңды өкілдер) арасындағы ынтымақтастық туралы келісім-шарттарда да көрсетілген.

Міндетті мектеп формасының талаптары «_6__» 09________ 2019 ____ жылы өткен жалпымектептік ата-аналар жиналысының № 1____ хаттамасымен бекітіліп, Сіздерге жазбаша түрде таныстырылған.

Әрбір сыныптарда өткен ата-аналар жиналыстарында міндетті мектеп формасының талаптары, хаттама, мектеп Жарғысы жазбаша түрде таныстырылған.  

Сондай-ақ, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар мектеп  фойесінде ілінген, ал таныстыру мақсатында мектептің Интернет-ресурсында жарияланған.

        Талаптардың  2 тармағының 21 тармақшасына сәйкес, ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтамау ата-аналар тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзу болып саналады. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңының 47 бабының 15-1 тармағына сәйкес, орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті. Өзге білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңының 49-бабының 2 тармағының 6) және 7) тармақшаларына сәйкесата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтауға міндетті. 

Ата-ана өз балаларының мектептің Жарғысында бекітілген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бұзуына жол бермеулері және ата-ана құқықтарын теріс пайдаланбаулары тиіс.   

Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Соттардың балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды шешу кезiнде заңнаманы қолдануы туралы» 2018 жылғы 29 қарашадағы № 15 нормативтік қаулысының 12 тармағында «ата-ана құқықтарын теріс пайдалану деп осы құқықтарды балалардың мүдделерiне нұқсан келтіре отырып пайдалануды, мысалы, балалардың оқуына кедергi келтіруді, түсінген жөн» деп көрсетілген.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды, яғни  Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңының 49-бабының 2 тармағының 6) және 7) тармақшаларының талаптарын (білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау, білім беру ұйымында белгіленген киім формасын сақтау) орындамауы Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 409-бабының (Қазақстан Республикасының білім беру, дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасын бұзу) 2 тармағында көзделген әкімшілік жауапкершілікке (Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы немесе тиісінше орындамауы – ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады) тартылатынын ескертеміз.

Сондықтан балаларыңызды (қыздарыңызды)  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен бекітілген  «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың» талаптарына сәйкес, міндетті мектеп формасын сақтай отырып, сабаққа қатысуларын қамтамасыз етулеріңізді сұраймыз.