Ата - аналар жиналысы » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
сентябрь
2019

Ата - аналар жиналысы

        Алға шағын орталықты орта мектебінде бастауыш сынып оқушыларының ата – аналары арасында ата – аналар жиналысы өткізілді.

Жиналыс барысында   мектеп директорының оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Диханбаева жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша бастауыш сынып оқушыларына оқулықпен қоса жұмыс дәптерлері де бар екенін айтты.Бірақ сол жұмыс дәптерлерін сатып алу міндетті емес екенін ескертті.Баланы мектепке қабылдау кезінде ата – аналардан түрлі мекемеге қажетті заттарды , яғни канцелярлық тауарларды , тұрмыстық заттарды сатып алып беруге шектеу қойылғанын ескертті.