Іс-шаралар » Страница 11 » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
17
октябрь
2023
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл
Әйгілі ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 130 жыл қарсаңына орай Алға орта мектебінде 6-7 сынып білім алушыларымен ақынның шығармашылығын насихаттау, өскелең ұрпаққа өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін молайту  мақсатында мектеп кітапханасында ақынның шығармашылығы бойынша кітап көрмелері көрсетіліп, білім алушылар ақынның өлендерің мәнерлеп оқыды және талқылаулар мен викториналық сұрақтарға жауап беріп өтті.
Кітапты жан азық деп қанып іш
16
октябрь
2023
Кітапты жан азық деп қанып іш
Жамбыл облысы Шу ауданы Алға орта мектебінде «Кітапты жан азық деп қанып іш» атты тақырыпта білім алушылар жылдамдықта кітап оқыды. «Кітап сабырлы ұстаз» дегендей білім алушылар кітапты қызыға оқыды. Кітап оқыған сайын білім алушылардың ынтасы мен зейіні арта түсті. Білімдерін толықтырып,ойлау жүйесін дамытып кітап оқуға деген қызығушылығы арта түсті.
"Бастауыш  бастамам- білім жолын бастаған"
03
октябрь
2023
"Бастауыш бастамам- білім жолын бастаған"
Жамбыл облысы Шу ауданы Алға орта мектебінде  қазан айының 3-ші  күні бастауыш  сыныптардың  "Бастауыш  бастамам- білім жолын бастаған"  атты тақырыбында айлықтың ашылуы  өтті.  Бірлестік жетекшісі білім алушылар  мен ұстаздарды айлықтың жоспарымен таныстырып   сәттілік тіледі. Айлықтың ашылу  барысында  түрлі қызықты тапсырмалар  орындалды.  Жұмбақтар  және басқатырғылар шешілді,  мақалдар жалғастырып айтты.
Еңбек күні
27
сентябрь
2023
Еңбек күні
Қыркүйек айының соңғы жексенбісі "Еңбек күні"  болып белгіленген. Алға орта мектебінде  «Еңбек Күніне» орай еңбек ардагерлеріне  арнап іс-шара өткізілді, іс шара барысында еңбек ардагерлері шақырылып білім алушылармен  сұхбаттасып, кеңестерін беріп, еңбек жолдарымен және өмірбаяндарын әңгімелеп берді.  Іс-шараның мақсаты жастардың еңбек туралы  түсініктерін кеңейту. Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру, еңбек жасай білу дағдыларын дамыту, еңбекке қызығушылықтарын арттыру,
1 маусым Халықаралық балаларды  қорғау күні Болашаққа  бастар  жол "
01
июнь
2023
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні Болашаққа бастар жол "
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде ' 1 маусым Халықаралық балаларды  қорғау күні Болашаққа  бастар  жол "  тақырыбында салтанатты жиын  өткізілді. Жиынға ардагер ұстаздар, мектепті  2003 жылы бітірген түлектер  келіп, ізгі  тілектерін айтты. Жиын жоғары деңгейде  өткізілді.
"Отан отбасынан басталады"
31
май
2023
"Отан отбасынан басталады"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы, Алға орта мектебінің 2 сыныбында: "Отан отбасынан басталады" тақырыбында сынып сағаты өткізілді.Білім алушылар өз отбасын бағалауды,отбасын қадірлеуді үйренді. Білім алушыларға "Абай оқулары", " Мұқағали оқулары" және Бөкейханов олимпиадасы,Ақ бота олимпиадасында алған жетістіктерімен марапатталды.
"Менің мектебім буллингке қарсы"
19
май
2023
"Менің мектебім буллингке қарсы"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 19.05..2023 жылы "Менің мектебім буллингке қарсы" тақырыбында жалпы республикалық флешмоб өтті.1-11. сынып білім алушылары түгелдей қамтылды.
Ұлы Жеңіс
09
май
2023
Ұлы Жеңіс
2023 жылдың 9 мамыр күні Сауытбек ауылында Алға орта мектебінің ұстаздары,және білім алушылары Ұлы Жеңіс күніне орай, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып гүл шоқтарын қойды.Ұлы Отан соғысында қаза тапқан майдангерлеріміздің рухына тағзым етіліп, бір минут үнсіздік жарияланды. Отан үшін от кешкен батыр бабалардың ескерткішіне құрмет көрсетілді.Спортық іс шаралар ұйымдастырылды.
"Еркін ел ұрпағы"
04
май
2023
"Еркін ел ұрпағы"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 2023 жылдың  4 мамыр күні сағат. 11.00-де Еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу мақсатында  "Еркін ел ұрпағы" атты жалпыұлттық патриоттық диктант жазылды.