Іс-шаралар » Страница 2 » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Қыз қылығымен көрікті"
07
март
2025
"Қыз қылығымен көрікті"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай  "Қыз қылығымен көрікті" атты зияткерлік сайыс өткізілді.                                                    Мақсаты:Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу.                                                                    
Easy English Team building
04
март
2025
Easy English Team building
04/03/2025 жылы Орыс және ағылшын тілі айлығы барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Мадраимова Сая мектеп ұстаздарымен Easy English team building өтті. Easy English Team building – тіл үйренуді ойын, диалог, топтық тапсырмалар және интерактивті әдістер арқылы ұйымдастыратын тәсіл. Бұл әдіс арқылы қатысушылар бір-бірімен ынтымақтастық орнатып, сенімділік пен коммуникативті дағдыларын дамытады.
"Алғыс   айту-жақсылықты дарыту"
28
февраль
2025
"Алғыс айту-жақсылықты дарыту"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 1-наурыз  Алғыс айту күні мерекесіне  9 сынып білімалушыларымен "Алғыс   айту-жақсылықты дарыту" тақырыбында мектеп психологы Г.Айнакулова қарым-қатынас сағатын өткізді.  Мақсаты:                                                                        Білімалушыларды үлкен- кішіге деген сүйіспеншілігін,сыпайылық қарым қатынасын нығайту.
"Оқы және өзгеге ұсын!"
27
февраль
2025
"Оқы және өзгеге ұсын!"
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінің кітапханашысы Кошукбаева Айбаршаның ұйымдастыруымен кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайту, кітап оқуды насихаттау және оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани мәдениетін көтеру мақсатында "Оқы және өзгеге ұсын!" атты буккроссинг ұйымдастырылды.А.Кошукбаева  жас ұрпақтың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығы мен интеллектуалды қабілетін,ой- өрісін дамыту, эстетикалық талап -талғамдарын қалыптастыруда кітаптың маңызы
"Өмір теңіз жүзсем онда демеңіз - ізгіліктен жасамаса кемеңіз"
21
февраль
2025
"Өмір теңіз жүзсем онда демеңіз - ізгіліктен жасамаса кемеңіз"
Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Облыстық психологиялық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылдың 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында  бүгін Алға орта мектебінде "Өмір теңіз жүзсем онда демеңіз - ізгіліктен жасамаса кемеңіз" тақырыбында сайыс сабақты мектеп психологі Г.Айнакулова ұйымдастырып өткізді. Мақсаты:  қатысушылар арасынан білгір,алғыр,интеллектуалдық деңгейі жоғары,ой-өрісі кең, білімге деген қызығушылықтарын ояту және танымдық белсенділіктерін арттыру  болып
“Әжем айтқан ертегі”
20
февраль
2025
“Әжем айтқан ертегі”
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 2 сынып  білімалушыларымен “Әжем айтқан ертегі”атты тамаша әжелермен кеш өткізілді.Ұлттық үлгідегі қазақ үй ішінде отырып әжелер ертегісімен бірге кеңестерін айтып балаларымыз өте көп мағлұматтар алды.
“ Кері итеруші күш.Архимед заңы”
19
февраль
2025
“ Кері итеруші күш.Архимед заңы”
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде  7 сынып білімалушыларымен физика пәнінің мұғалімі Әуес Фариза Миятханқызы  “ Кері итеруші күш.Архимед заңы”  тақырыбында ашық сабақ өткізді. Кері итеруші күштің табиғатын түсінуге, Архимед заңын есептер шығаруда қолдану мақсатында әр түрлі тапсырмалар орындалды.
Эстафеталық ойындардан жарыс
19
февраль
2025
Эстафеталық ойындардан жарыс
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде денешынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мұғалімдер арасында эстафеталық ойындардан жарыс өткізілді.     Мұғалімдерді бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл - әрекетке жаттықтыру және Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген сайыс өте қызықты әрі тартысты өтті.
"Ерлікке мың тағзым”
17
февраль
2025
"Ерлікке мың тағзым”
Жамбыл облысы Шу ауданы Сауытбек ауылы Алға орта мектебінде 9 сынып білімалушыларымен "Ерлікке мың тағзым” тақырыбында АӘД жетекшісі Турмаханбетов  Дуйсен тәрбие сағатын өткізді. Мақсаты:  Ауған соғысы жайлы толық мәлімет беру, өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары , қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету,Ауған соғысында опат болған ағалар ркхына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.  #Біртұтас тәрбие
“Мың мамандық бәрі бар,таңдап,талғап бірін ал”
17
февраль
2025
“Мың мамандық бәрі бар,таңдап,талғап бірін ал”
17/02/2025 бүгін қыстық сессия барысында М.Мақатаев тірек мектебі ресурстық орталығы Баян Ниетулаевна бастаған мұғалімдер қатысқан 10-11 сынып білімгерлерімен кезекті танымдық сабағы өткізілді. Тақырыбы :“Мың мамандық бәрі бар,таңдап,талғап бірін ал” . Мақсаты: білімгерлерді әртүрлі мамандықтармен таныстыру,олардың ерекшеліктерін түсіндіру,қажетті дағдылар мен мүмкіндіктері туралы айту. Мектеп ұстаздарының қатысуымен «Менің арманымдағы мамандық» шеруі өтті. Кәсіптік бағдар беру педагогы Скакова