Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ! » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!
20
сентябрь
2019

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!




     Елбасы  «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты өзінің Қазақстан халқына Жолдауында «демократиялық қоғам жағдайында қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ерекше мәнге ие болады» деп атап көрсетті
. 

Жемқорлық – қоғамдық дерт. Осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатқаны ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні бәрімізді алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді.Осыған орай жастар арасында заңға қайшы келетін іс – әрекеттердің алдын алу мақсатында  Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі   инспекторы З.Дүйсенованың қатысуымен Алға шағын орталықты орта мектебінде «Сыбайлас  жемқорлыққа жол жоқ!» кросс турнирі өткізілді.Мектеп директоры К.Баубекова мен жастар ісі жөніндегі маман жемқорлыққа қарсы тұру керектігі туралы айтып , қатысушыларға сәттілік тіледі.