Құқық бұзушылықтың алдын алу » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2019

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Хаттамадан көшірме

Алға шағын орталықты орта мектебі

Кезектен тыс педагогикалық кеңес

Сауытбек ауылы                                       20.11.  2019 жыл

                                                               Сағат 15.00

Қатысқаны :25


Күн тәртібінде:


Оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы


Тыңдалды : Баубекова Клара Оразовна – мектеп директоры

Мектеп бойынша балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және қауіпсіздігін қамтамасыз етудің  2019-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары жасалынып , жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы Білім туралы  2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңының 45 – бабының 6 тармағына сәйкес және Шу   ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2018 жылғы № 615 бұйрығын негізге ала отырып , мектепішілік бұйрық шығарылып , жауапты мамандар таныстырылды.Онда мектеп директорының орынбасарлары , шаруашылық меңгерушісі , мектеп медбикесі , мектеп мұғалімдері , сынып жетекшілері , шағын орталық әдіскері , мектеп вахтеры мен күзетшілері , мектеп электригі өз міндеттерімен жеке таныстырылды. 

Сөйледі : Ердалиева Роза Ушкемпировна - МДТІЖО

Балалардың есірткі құралдарын тарату мен пайдалануға қатысу деректерінің алдын алуға және жолын кесуге бағытталған, сондай-ақ белгісіз тұлғалардан кондитерлік тағамдар мен сағыз өнімдерін сатып алуға жол бермеуге мектеп инспекторы Н.Асылбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мектепте кезекші әкімші , кезекші мұғалім және кезекші сыныптар кестесі бекітілген. Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында   мектеп психологы Г.Айнакулова оқушылар арасында « Баланың қауіпсіздігі сақтала ма? », « Кибербуллинг », «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты арнайы сауалнамалар жүргізді. «Баланың қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды .Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды ата – аналары алып кетуін қамтамасыз еткен.

Сөйледі :Жарылқапова Айгүл – шаруашылық меңгерушісі

Мектеп сыртына « Бөгде адам кіріуге болмайды » деген жазба ілінген. Мектепке келген адамдарды тіркеу журналы бар.Мектеп айналасы толық жарықтандырылған.Мектепке бейнебақылау камералары жетіспейді. Оған сұраныс берілген.





Алға шағын орталықты орта мектебіндегі кезектен тыс педагогикалық кеңесте қаралған оқушылар мен тәрбиеленушілердің   білім беру ұйымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы іс – шараларының жүргізілуі туралы 


ШЕШІМ ЕТЕДІ :

1.Оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болсын.

2. Мектепке бақылау камераларын орнатуға АББ не тапсырыс берілсін.

3. Мектептегі кезекшілік күшейтілсін , вахтерлар мен күзетшілер мектеп ауласына бөгде адамның кірмеуін жіті қадағаласын.