Балалар қауіпсіздігі » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
декабрь
2019

Балалар қауіпсіздігі

Хаттамадан көшірме

Алға шағын орталықты орта мектебі

Кезектен тыс ата – аналар жиналысы

Сауытбек ауылы                                       20.11.  2019 жыл

                                                               Сағат 15.00

Қатысқаны :45  ата – ана


Күн тәртібінде:

    Оқушылар мен  тәрбиеленушілердің білім беру ұйымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету


Тыңдалды:  Баубекова Клара Оразовна  - мектеп директоры 

Денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіру, тағы басқа.Бала – барлығымыздың басты байлығымыз. Өкінішке орай ,  қазір елімізде балаларға қатысты зорлық-зомбылық өршіп тұр.Оның бір дәлелі Тараз қаласында мектеп әжетханасында орын алған дүйім елді дүрліктірген келеңсіз оқиға.Баланың құқысының қорғалуына мектеп пен ата – ана тікелей жауапты.

Тыңдалды: Жаңабаева Гүлжан – ата – аналар кеңесінің төрайымы

Әрине балаларымыздың   қауіпсіздігіне бәріміз жауаптымыз.Көшеде түнгі беймезгіл уақытта қалмауға тырысу, көшеде танымайтын адамдармен әңгімелеспеу және онымен қараңғы жерлерге, адамдар жоқ орындарға және т.б. жерлерге бармау керектігі туралы айтылды. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлау керектігі  ескертілді. «Сенім телефны» , «Сенім жәшігі»   , «Балалар мен жастарға арналған ұлттық   сенім телефоны » туралы айтылды.

Сөйледі : Дүтбаев Қайсар – ата – ана 

Балаларымыздың қауіпсіздігіне көз жұма қарауымызға болмайды.Ата – ана баласының қайда жүргенін , немен айналысатынын, интернет желісінде кімдермен байланыста екенін үнемі қадағалап отыру керекпіз.Оларға бөтен адамдармен қалай қарым қатынас жасау керектігін үнемі айтып отыру керек. 




Ата-аналарға кеңес!

  1. Өз балаңды құрметте, баланың еркінен тыс бірнәрсе жасауға мәжбүрлеме және басқаларға да жол берме!
  2. Егер сіз көршінің баласы зорлық-зомбылыққа және ата-аналарының тарапынан соққыға ұшырағанын білсеңіз, онда ол туралы полицияға дереу хабарлаңыз.
  3. Егер балаңыз сіздің күйеуіңіздің оған теріс пиғылы жөнінде айтса, оның сөзіне құлақ салыңыз, күйеуіңізбен сөйлесіңіз, баланы онымен бірге жалғыз қалдырмаңыз, ал егер олардың арасындағы қарым-қатынастар өте тереңге кетсе, ол адамнан айырылысыңыз, балаңыздың бақытынан қымбат нәрсе жоқ.
  4. Жыныстық өмірге қатысты балаңызды қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша, сондай –ақ сақтану  жөнін де онымен әкесі сөйлесіп, түсіндіруі қажет.
  5. Қызға қарама-қарсы жыныстағылармен өзін қалай ұстау жөнінде анасы түсіндіруі қажет.
  6. Егер сіз балаңыздың мінез-құлқынан оғаш қылық байқасаңыз, оны мазалап жүрген мәселе жөнінде сөйлесіңіз. Ал ер баламен анасының қатысуынсыз әкесі сөйлескені



















Алға шағын орталықты орта мектебіде өткізілген кезектен тыс кезектен тыс «    Оқушылар мен  тәрбиеленушілердің білім беру ұйымындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» ата – аналар жиналысы


ШЕШІМ ЕТЕДІ :

      1.Оқушылар мен  тәрбиеленушілердің білім беру ұйымындағы                                                    

       қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын күшейту және олардың   

       қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеппен байланыс              

       күшейтілсін

2.Бастауыш сынып мұғалімдері оқушыларды ата – аналары алып келіп , алып қайтуын қамтамасыз етсін

3. Сабақтан тыс уақытта бала қауіпсіздігінің жауапкершілігі ата – анаға жүктелінсін