Педагогикалық әдеп қағидаттары » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Педагогикалық әдеп қағидаттары
11
октябрь
2019

Педагогикалық әдеп қағидаттары

Нағыз тәрбиеші ұстаз бойында он екі тума табиғи қасиетті меңгерген дана адам болу керек».
                                                                                                       Әл-Фараби
     11 қазан күні Алға шағын орталықты орта мектебінде « Педагогикалық әдеп қағидалары » бойынша педагогикалық ұжым арасында жиналыс өткізілді . Мектеп директоры К.Баубекова «Педагогикалық әдеп қағидаларын туралы» айтып , таныстырды.Мектеп психологі Г.Айнақұлова .«Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп »- семинар-тренинг жүргізді.Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Ердалиева мұғалімдердің іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар туралы айтып өтті. 
Педагогикалық этика деген кең ауқымды мағына. Ұстаз деген абыройлы атаққа лайықты болу үшін – мұғалім жан-жақты білімді болып қана қоймай, сондай-ақ әділ де әдепті, қарапайым да кішіпейіл, бауырмал да қайырымды, қысқасы, жоғары саналы азамат болуы тиіс деген сөз. Әрине, бұл әбден орынды, солай болуымыз абыройлы міндет. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы этикалық сұлулықтың белгісі. А.П.Чеховтың сөзімен айтқанда адамда: бет, киім, жан, ой – бәрі сұлу болу керек. Әрқашан сұлу болып жүрейік. Балаға адам ретінде қадірің болу, ол үшін киім киісің, сөйлеу мәнерің, жүріс тұрысың, қарым – қатынасың үлгі болатындай болу керек.





   «