Жасөспірім балалардың денсаулығы және дұрыс тамақтануы. » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жасөспірім балалардың денсаулығы және дұрыс тамақтануы.
28
март
2018

Жасөспірім балалардың денсаулығы және дұрыс тамақтануы.

Қоныраулатып жеткен күзбен бірге жаңа оқу жылы басталды. Жаз бойы демалыста болған бүлдіршіндер сөмкелерін арқалап, мектепке барып жүр. Сабақ арасында олардың мектеп асханасынан асқазаның «алдайтын» тағамдар сатып алатыны белгілі. Мұндайда мектеп басшылары, ата-ана мен оқушының өзі , асханашы нені білуі керек? Асханалардағы дайын тағамдардың бала денсаулығына зияны жоқпа? Деген сұраққа жауап білуі керек.
Статистикалық деректерге сүйенер болсақ, мектепке жаңадан барған балалардың 35% түрлі созылмалы ауруларға ұшырайды екен. Ал бітіруші түлектердің арасында бұл көрсеткіш екі есе көп . Оқушылар арасында тез тарайтын асқазан-ішек аурулары мен көз көруінің нашарлауы 50 %, омыртқаның бүкірленуі 80% . Яғни баланың сабақ арасында жүрдім-бардым тамақтануы , асығыстан дайын тағамдарды тұтынуы олардың денсаулығына елеулі зиян тигізетін болып шықты.
Алға шағын орталықты орта мектебінде барлығы -104 бала оқиды оның ішінде жалпыға бірдей оқумен қамту қорынан 20 бала тегін ыстық тамақпен тамақтанады, бір күндік бағасы 450 тг. құрайды, 20 бала демеушілікпен тамақтанады , бір күндік бағасы 150 тг. құрайды. Қалған 64 бала асханадан құрғақ өніммен тамақтанады.
Сонымен оқушылар қалай тамақтануы керек? Мектеп оқушылары арасында негізінен асқазан-ішек және жұқпалы аурулары тез тарайды. Ол біріншіден баланың лас жерде тамақтанғанынан болады. Бала уақытылы ыстық тамақ ішпейді, содан бала асқазаны тез бұзылады. Кей балалар мектепке нәр татпай бара береді, өйткені таңертен тамаққа тәбеті болмайды. Түске дейін аштан-аш жүретін оқушылдар да бар. Үзіліс кезінде құрғақ бірденемен жүрек жалғай салу да оларға әдет болып қалады. Міне, аурудың бәрі осыдан басталады. Сол үшін ата-ана баланың ертерек ұйықтауын қадағалау керек. Сөйтіп уақытынан жарты сағат ертерек оятып, мүмкіндігінше ыстық тамақ пен шай ішкізуге тырысқандары жөн. Тамақтандырудың жөні осы екен деп дайын шұжық, салқын сусын беруге болады ма? Болмайды. Тым болмағанда нанның ортасына ірімшік салып, 1 стақан ыстық шәй ішкізу керек. Ең бастысы, құрғақ тағамдардан сақ болыңыз. «Таңғы ас міндетті түрде ыстық болуы керек» мамандар баланың мектепте біреудің жеген тағамынан тістемеуді қатан тапсырады. Өйткені жұқпалы аурулар осыдан басталады. Көп мәселе мектеп асханасына да байланысты. Ол жердегі тазалық қандай деңгейде? Ыдыс-аяқты қандай препаратпен жуады және ондағы аспазшылардың санитарлық жағдайы қандай? Аспазшы ақ халат киіп жүр ме? Ондағы тәтті нандардың беті дәкемен жабылған ба ? Мұның бәрі ата-ана жауабын біле жүретін сауалдар. Негізінде мектеп асханасының сатушысы әр бес балаға қызмет жасағаннан кейін қолын жылы сумен жуу керек. Өйткені баланың иммунитеті үлкендерге қарағанда әлсіздеу болады. Сондықтан шала жуылған ыдыстағы инфекция баланы төсекке танып қоюы да мүмкін.
Ескерту: балаға ешқашанда чипсы, кириешки, кола газдалған сусындар әпермеңіз. Ол бала денсаулығына өте зиян, сон дықтан мұндай тағамдардың мектепке сатылуына да тиым салыну керек. Өйткені бала денсаулығы бәрінен де қымбат.