Игілікті істер жасауға асығайық » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Игілікті істер жасауға асығайық
24
июль
2019

Игілікті істер жасауға асығайық

Игілікті істер жасауға асығайық


       Жыл сайын дәстүрлі  Республика көлемінде «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы «Жүректен жүрекке» ұранымен ауқымды көлемде іске асырылуда. Акция барысында хабарландырулар, көркем плакаттар, жомарт азаматтарымыздың назарынан тыс қалмау мақсатында ұйымдастырылған. Осы акцияға байланысты көпбалалы отбасынан шыққан балалардың, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балалардың сабақтан қалмауын қадағалап, мейірімді, жомарт жандарымыз қол ұшын созып, көмектерін тигізуде. Ауылдан шыққан жомарт азаматтарымыздың саны жыл сайын көбеюде. Атап айтар болсақ, жомарт жан ТОО Intelcom Enginering инженері Басибеков Ерлан Аскарович 30 000 мың теңге көлемінде оқу құралдары мен мектеп формасы, сөмкесімен қамтамасыз етті. Біздің мектебіміз, Алға шағын орталықты орта мектебі де аталмыш іс-шараларды назардан тыс қалдырған емес.  Мектеп ұжымы бірлесіп, ұйымдасып оқушыларға 22 000 мың теңге көлемінде оқу құралдарын әперді.

     Игілікті, қайырымды іс-шараларға бір кісідей атсалысайық. Жомарттықтарыңыз сіздерді қуанышқа бөлесін!


 Дайындаған:   Жанкоразова Б.И.

Алға шағын орталықты орта мектебінің әлеуметтік педагогы