«Қыз болашағы-ел болашағы» атты декада
Алға шағын орталықты орта мектебінде 4-14 не дейін «Қыз болашағы-ел болашағы» атты декадасына жоспар құрылып, бекіттірілді. Жасөспірім қыз баланың тізімі алынды. 8-ші қазан күні «Би-қозғалыс-денсаулық» атты флэшмоб биін жасөспірім қыздар биледі. Медбике Шаханова « Өзара қарым-қатынас, репродуктивтік денсаулық және жыныстық гигиена, жыныстық жолмен берілетін аурулар, жасөспірім жастағы жүктілік /құпия жеңіл қол жетімді негізде/ мәселелері бойынша жасөспірімдердің қыздар үшін ақпаратты кенінен тарату» тақырыбында қолжетімді ақпарат берді. «Отбасым алтын мекенім» атты танымдық сабақ өз дәрежесінде өтті. Мектеп директоры К. Баубекова жасөспірім қыздарға «Ерте жүктіліктің алдын алу» мақсатында кеңестер берді.
«Қазақ отбасында қыз бала қалай тәрбиеленген» психологиялық тренинг сабақты мектеп психологы Г. Айнакулова өткізді .
«Отбасы бақыт мекені» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Балалар пікір алмасып , ой пікірлерін ашық айтып, туындаған сурақтарына жауап алды. «Қыз баланың құқығы» тақырыбында Д.Абдрахманова қыз балаларға құқықтарын жете түсіндірді.






