Адалдық сағаты » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
январь
2020

Адалдық сағаты

Адамда жақсы қасиет болмаса,
оған бақ та, бақыт та қонбайды.
Жүсіп Баласағұн

Адам баласының ең басты құндылығы – өмір. Ал өмірдің мәні ақылмен жасалған игі істермен бағаланады. Ақылды адам өмірде көп нәрсеге қол жеткізеді. Өйткені оның бойында ізгілік, адамгершілік, адамға жақсылық жасау, жігер, талап , қайрат, өнер және болашаққа деген деген жарқын сенім мол болады. Ақылды адамдар іздену, ойлану, көп оқу және талмай еңбектену арқылы данышпандыққа, парасатқа жетеді.Ой – өрісі кең, білімдар адамның рухы биік, адамгершілігі жоғары болады, парасаты мен пайымы үндес келеді. Ондай адамдарға әдеп – инабат, салиқалылық пен мейірімділік және тағы толып жатқан кісілік келбетті көрсететін қасиеттер тән болады.
Адамгершілікке тәрбиелеу құралы — еңбек пен ата - ана үлгісі
Ыбырай Алтынсарин
Жас ұрпаққа рухани адамгершілік тәрбие беру – бұл ізгілікті іс тал бесіктен бастау алады. Балаға өмірді ата – анасы береді. Ата – ананың борышы балаларының тек табиғи қажеттіліктерін орындаудан ғана емес, дұрыс өмір сүруге бағыт бағдар беруге, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне бейімдеуден тұрады. Бала өмірге келген сәттен бастап, ата – анасының махаббатына бөленеді, сыртқы ортаға қызығушылығы болады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аласың» - дегендей баланың адамдармен қарым – қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Жақсы адам болып өсуі үшін ол күн сайын отбасы мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым қатынастардың куәсі болуы керек. Себебі бала негізігі өнегені, мейірімді, жылулықты ата – анасынан алады.
Ал біздің мақсатымыз осы мейірім мен жылулықты оқушы бойында сақтап, одан әрі жетілдіріп және ой – өрісі кең парасатты, мәдениетті ұрпақ тәрбиелеу.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен мектепте "Адалдық сағаттары" республикалық акциясы өткізілді. Акцияға:

1. Джумабаев Мадияр Қасымханович Алға шағын орталықты орта мектебіндегі «Нұр Отан» партиясының мүшесі

2.Алға ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі инспекторы Дүйсенова Зере

3. Алға шағын орталықты орта мектеп директоры Баубекова Клара Оразқызы қатыстырылып, 

1. «Асыл қасиет – адалдық, асыл міндет – адамдық» сынып сағаты 2. «Адалдық, парасаттылық – адамдықтың белгісі» тәрбие сағаты

3. «Адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім» пікірталас өткізілді.