«Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі»
29
ноябрь
2018

«Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі»

Алға шағын орталықты орта мектебі








«Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі»
(Кітапханалық кеш)

















Кітапханашы: Ажибаева Х.Ш




2018 оқу жылы












































Тақырыбы: «Буккроссинг-бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі», «Кітапханаға кітап сыйла»
Түрі: Сахналық көріністер, мәнерлеп оқу, шығарма, эссе жазу,оқыған шығармаларын суреттеу
Мақсаты: Жобаның мақсаты азаматтық белсенділікке тәрбиелеу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру, баланың ақыл-ойын дамыту. Өз ой-пікірлерін айтысып, ойларын жетік, ашық жеткізе білуге үйрету. Адамгершілік, адалдық, тәрбиелілік пен қатар салауаттылыққа тәрбиелеу.
Міндеті:
Қазақстанның көркем әдебиеті мен әлем классикалық әдебиетін насихаттау;
 оқу дағдысын дамыту;
 өз ойларын жетік жеткізе білуге дағдыландыру
 өсіп келе жатқан ұрпақтың әдеби талғамын арттыру;
 әдеби шығармашылығын дамыту;
Нәтижесі:
Рухани және интеллектуалдық дамытудың негізгі көзі ретінде кітапқа деген қызығушылықты ояту
отбасылық оқу дәстүрін сақтау және жалғастыру;
 отандық және әлем әдебиеттерін оқуға тарту;
 оқу бағыттарын өзгерту
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар,кітап сүйер қауым!
Мәңгілік ел болдық біз,қазақ елім,
Мәңгілікке жасасын дінім,тілім,
Қолдаймыз Елбасының Жолдауларын
Жолындамыз рухани жаңғырудың
Елбасымыздың Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру бағдарламасының 1-ші бөліміндегі Білімнің салтанат құруына негізделген «Буккроссинг-бірге оқимыз:кітаптың айналыста жүруі» жобасына хош келдіңіздер!
Елбасымыздың мына өсиет сөзін тыңдайықшы «Мен қазақстандықтарға,әсіресе жастарға тағы айтамын: кітап оқыңдар!Бүгінде ұлттық бәсекеге қабілеттілігі оның білім деңгейіне байланысты.Кітап адамды жан-жақты дамытады,ой-өрісін кеңейтеді».
2-жүргізуші:
Кітапхана-кітаптардың ордасы
Білсең кітап-нағыз саған жолбасшы,
Біздің ғасыр-білімділер ғасыры,
Деп айтқандай Нұрсұлтандай Елбасы.

Егеменді еліміздің ертеңін нұрлы етер «Барыс текті ұрпақ» өсіру үшін,ұлтымыздың намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін ұрпақты баулуы өз қолымызда.


1-жүргізуші:
Деген Абай «Артық ғылым кітапта»
Кітап бізге өзі байлық-қазына,
Білімсіз өмір сүру мүмкін бе,
Кемелденген ХХІ ғасырда
Шындығында ұлы адамдар ұлы оқырмандар болған. ХХІ ғасыр-ғылым мен білімнің ғасыры. Өркениет көшінен қалмау үшін біз білім сапасын арттырып,адам ресурсын байытуымыз қажет.
«Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болады»,-деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас.
2-жүргізуші:
Аты шықты кітаппен ғұламалар
Ғылым қуған,білім қуған білімпаздар
Арыстан баб,Әл-Фараби,Бирунилар,
Бейімбет,Мағжан,Ілияс-асыл ұлдар

«Кітап дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиет. Кітап оқудан тиылсақ,ой ойлаудан да тиылар едік»-деген еді Ғабит Мүсірепов. Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі-өнеге аламыз.Кітап оқысаң, қызыққа кенелесің,тауды жарып,тасты бұзасың,бүкіл әлемге саяхат жасайсың.
1-жүргізуші:
«Ғұламалар кітапхана алдында
қарыздар»-деп айтып кеткен бір дана
Кітаптарым болмаса егер,елестет
Тарихымыз қалай жетер ұрпаққа-демекші,


Шекспир
«Кітап маған тақтан да қымбат»-деп атап көрсетті. Кітап жасқа да, кәріге де қажет .Кітап-біздің рухани күнделігіміз,теңдессіз байлығымыз. Адам баласы сол байлықтың көзін «кітап» деген құдіреттен тапты.
2-жүргізуші:
Ыбырай,Абай,Мұхтар сынды ұлылар
Шәкәрім,Ахмет,Сәкендерім тағы бар
Жазып кетті үлкен мұра артына
Елім бар-деп,өткен істі ұғынар-дегендей,
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты халқы данаға теңейді. Ал даналық қайдан шығады? Әрине, ол оқу,білімнен, сол оқу,білімді бойға сіңіретін кітаптың рухани байлығы мен қуатынан, сол кітапты ұлылардың ғибратты ғақлияларын білмекке деген құмарлықтан шығады. Димаш Ахметұлының алпыс екі тамырына кітаптағы қазынаны білмекке деген құмарлық бала кезден сіңіпті.Талай оқиғалардың куәсі,талай жаңалықтың көзі-осы кітаптар.Кітап қай заманда да өз құнын жоғалтпаған.Кітап-өлмейтін дүние.
«Егер адам жүрегіне мұз қатып қалса, көркем кітап соны жібітуге тиіс,егер еріте алмаса ол осал шығарма» деді Шерхан Мұртаза. Бүгінгі шығармалар сіздердің жүректеріңізді жібіте алар деген сенімдеміз.

1-жүргізуші:Мектебімізде «Кітапханаға кітап сыйла» жобасының барысында «Ең керемет сый-кітап» тақырыбында мектепішілік акция жүріп жатыр.Әрине, одан хабарларыңыз бар.
Осы жоба аясында мектебіміздің бұрынғы түлегі Жапарова Сырғаш 30 томдық «Классикалық зерттеулер» кітаптарын сыйға тартты.
Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаевтың дарынды балаларымен кездесуінде Кеңесбай Нұржан сыйға берілген кітабын кітапханаға сыйға тартты.
Мектеп оқушылары: Абылайхан Үрмет,Абылайхан Көркем 8 дана әдеби кітаптарды сыйға тартты.
Доғдырбай Нұртас,Догдырбай Диас 5 дана әдеби кітаптарды тарту етті.
Бейсенғали Нұрсая.Балнұр «Жабыл Жабаев» және «Елтұтқа»
кітаптарын тарту етті.
Ораз Әсет, Бейхұтқызы Назерке 4 дана әдеби кітапты сыйға тартты.
Мектеп ұжымы «Қазақтың бата-тілек,өсиеттері»,«Қазақ салт-дәстүрлері»,«Қазақ мақал –мәтелдерінің Алтын кітабы» атты құнды кітаптарын сыйға тартты және де мектеп түлегі болған қазіргі уақытта Қазақ Ұлттық Университетінің студенті Кеңесбай Нұржан Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабын кітапханаға сыйға тартты.Мектеп мұғалімі Қаленова Гүлнар тәтейіміз 4 кітап әкелді.Мектеп түлектері «Сен білесің бе?» атты құнды энциклопедияны алтын ұя мектептеріне тарту етті. Кітапқа екінші өмір сыйлаған оқырмандарымызға үлкен алғыс. Әрине, ізгілікті,игілікті іс жасағандарға үлкен құрмет көрсетейік! Осындай игілікті,ізгілікті істерге атсалысайық ,кітапсүйер қауым. «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы ешқашан тоқтап қалмайды.

Кітап деген баға жетпес қазына
Оқиды оны әрбір адам қызыға
Кітап сыйла,болсын сенің ізетің
Бөленерсің баға жетпес алғысқа.

2-жүргізуші:
Біздің бүгінгі жобамыз кітапты жандарына серік қылған,білім мен ғылымды бойларына жинаған,ақылдың шамшырағы іспеттес оқырмандарымызбен пікірлесеміз,сырласамыз.Бар игі істеріміз сіздер үшін.
1-жүргізуші: Кітаптар ескіреді,сарғаяды, тозады,жыртылады. Кітап сүйер қауымға кітаптар да мұңын шағады Ендеше, 9 сынып оқушылары дайындаған «Кітаптар мұңы» атты көріністі тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:«Наданмен дос болғанша, кітаппен дос бол» Бауст
1-жүргізуші:«Кітап-асып-таспайтын асыл досымыз» Гюго
2-жүргізуші:«Жақсы кітап –ақылды адамның әңгімесімен бірдей»
Міне, кітап туралы айта бергім келеді, айта бергім келеді.Кезекті оқырмандарымызға берейік.
Көрінісімізде көргендей, осы кітаптарға жанашырлық жасап,жыртылған,тозған кітаптарды емдейтін кітап дәрігері де бар екен,балалар. Кәне, 8 сынып оқушылары дайындаған «Кітап пен дәрігер» көрінісін ортаға саламыз.


1-жүргізуші:
«Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды,оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді.Біз уыс топыраққа айналамыз, ал кітаптар дәл бір темірден, тастан қашалып жасалған ескерткіштердей ғасырлар бойына сақталады». Бұл айтқаныма әрине, сіздер де қосыларсыздар демекпін.
2-жүргізуші:
«Кітап-мәңгілік парасатының ең киелі ғибраты» Әбіш Кекілбаев
Оқығаның,тоқығаның көп болса,жеңбейтін жау, алынбайтын қамал жоқ. Кітап деген сөзді естігенде ойымызға не келеді? –Білім,тәртіп,адалдық, кеңесші, ақылшы, адамгершілік, тілсіз мұғалім.
Осының дәлелі ретінде 7 сынып дайындаған «Кітап-досың,ақылшың» атты көрінісіміз ортада.



1-Жүргізуші:

Кітап-мұхит,сол мұхиттан не терең?
Мен біліммен ылғи дос боп өтер ем!
Егер мен бай болсам,
Тек қана кітап сатып алар ем-деген екен Максим Горький
5сынып оқырмандары да құр алақан емес екен,олардың да «Кітап және оқушы» тақырыбындағы көрінісін тамашалайық
2- Жүргізуші: Кітаптың киесі бар деген сөзге нанасыңдар ма,оқырмандар? Әрине,біреуіміз сенеміз,біреуіміз сенбейміз.Сондықтан да 6 сынып оқушылары дайындаған «Кітаптың киесі» атты көрінісімізге назар аударайық.
(көріністен кейін)
Бәрі тамаша! Бәрі керемет!
Олай болса,Абайдың әжесі Зере:«Қарағым, осының ақыл.Ішкен-жегенге мәз боп,мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма» деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.Зере әжеміз айтқандай, біз де ала қағазымыздан айырылмайық, оқырман қауымы!
1-жүргізуші:
Кешімізді Елбасымыздың мына сөзімен түйіндегім келеді: «Білім-кітапта.Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады.Сондықтан, болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады».

Болса да интернеттің бұл заманы
Кітаптай таба қоймас «қазынаны»
Тас қашап,теріден де кітап жазған
Жоғалтып алмайықшы «құндылықты» .
2-жүргізуші:
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына
Кітапхана жобасы тәмәмдалды
Сөз кезегі тәтейлер құзырында.