«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»
08
ноябрь
2018

«Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте»

Алға шағын орталықты орта мектебі


Тілдер күніне арналған іс-шара
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте»
интеллектуалды ойын






Өткізген: Жанкоразова Б.И.






Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге,үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшаңдыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: мақал-мәтелдер, мемлекеттің рәміздердің суреттері.
Сайыстың жоспары:
І бөлім: Жедел жауап.
ІІ бөлім: Тіл-өнер.
ІІІ бөлім: Бәрін білгім келеді.
ІV бөлім:Қызықты ұйқастар.
V бөлім: Өлең-сөздің патшасы.
ҮІ кезең: «Тіл кереметі»
Кіріспе сөз.
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар тілдер мерекесіне қош келдіңіздер!
Біздің елімізде 130- дан астам ұлт өкілдері тұрады. Қазақстан экономикасы мықты, тәуелсіз, егеменді ел. Қазақстан әр тілде сөйлейтін халықтардың басын
біріктіріп отырған мемлекет. Қазақстан біздің достық үйіміз, ал «Алға шағын орталықты орта мектебі» білім үйіміз.
2-жүргізуші: Тіл-адамзат баласына тән ғажайып құбылыс.Адамзат қоғамының аясында халық,ұлт және оның тілі жүздеген, мыңдаған жылдар бойы қалыптасады.Әр ел өз тілі арқылы әлемді. дүниені. өмірдің құнды тағылымдарын таниды да, келешек ұрпақтарына жеткізеді.Тіл -халық тарихы, тіл-ұлттық қазына, тіл-біздің намысымыз, арымыз, байлығымыз, барымыз.
1-жүргізуші: Қайырлы күн құрметті көрермендер,қонақтар, сайыскерлер! Бүгінгі біздің тіл мерекесі аясында «Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте» атты интеллектуалды ойынымызды өткізгелі отырмыз. Сайысымызға екі топ оқушы қатысып отыр.
І топ:«Білгірлер».
Ұраны:«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады».
ІІ топ:«Тапқырлар».
Ұраны:«Пайда ойлама ар ойла, Талап қыл артық білуге».
-Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!-демекші,әділқазыларды таныстырып өтейік
1.Ердалиева Р.У.
2. қазақ тілі мұғалімі: Смағұлова Г.Б.
3.Тәрбие ісінің жүргізушісі: Мадраимова С
-Ал,қанеки, келіңдер,
Біріңе-бірің еріңдер.
Біліміңізді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер.-дей келе қатысушыларға сәт сапар тілеймін.
«Білім деген- биік шың
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген-ақылшың
Қиындықтан өткізер»,-деп сайысымыздың бірінші бөлімін бастаймыз.
І бөлім. «Жедел жауап».
Шарты: бұл бөлімде әр топқа 15 сұрақтан қойылады.Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншының жауап беруге мүмкіндігі болады.
Ітоп:
1.А.Байтұрсынов кім? Ғалым,жазушы, ақын-аудармашы,аудармашы
2.Қазақ тілінде неше септік бар? 7
4.Жүз жасаған ақын? Жамбыл
5.«Мұғалім» сөзінің синонимі? Ұстаз,оқытушы
6.Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? қанша?неше?нешеу?
7.Тұрлаусыз мүшелерді ата? Анықтауыш,толықтауыш,пысықтауыш
8.М.Әуезов кім? Роман-эпопеясын ата. «Абай жолы»
9.Қазақ тілі қандай тіл? Мемлекеттік
10.«Ақылды» сөзінің түбірі? Ақыл
11.Абайдың қанша қара сөзі бар? 45
12.Ата Заң күні қашан? 30 тамыз күні
13.ҚР-ның астанасы қай қала? Астана
14 Жалғаудың неше түрі бар? 4 түрі
15 Қазақ халқының батыр қыздары кімдер? Әлия мен Мәншүк
ІІ топ:
16 Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991
17 Қазақ тілінен тән дыбыстар нешеу?
18 Тіл туралы Заң неше баптан тұрады? 4
19 Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? 3 қатаң, ұың, үнді
20 Қазақстан Республикасында Тілдер мерекесі қашан? 22 қыркүйек
21 Қазақстан жерінен өткен жол. «Жібек жолы»
22 «Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? Шәмші Қалдаяков
23 Әнұранның авторларын атап бер. Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев
24 ҚР-ның рәміздерін ата. Ту,елтаңба,әнұран
25 Әл-Фараби өмірге келген қала. Отырар
26 «Домбыра» өлеңін кім жазған? Ж.Жабаев?
27 Шахмат ойынына ұқсас қазақтың ұлттық ойыны. тоғыз құмалақ
28 Абайдың туған жылы. 1845-1904
29 «Ғ» қандай дыбыс? Дауыссыз ,ұяң
30 Қазақстанның Бас қаласы қай қала? Астана
Әділ қазылар алқасына сөз


ІІ бөлім. «Тіл- өнер»
І топ:
1.Ең тәтті де тіл,...(ең ащы да тіл).
2.Оқу-білім бұлағы, ...(білім-өмір шырағы).
3.Жүз сом ақшаң болғанша, ...(жүз досың болсын).
4.Білім таппай мақтанба, ...(өнер таппай баптанба).
5.Тіл- қылыштан ...(да өткір).
6.Отан ...(оттан да ыстық).
ІІ топ:
1.Шебердің қолы -ортақ, ...(шешеннің тілі- ортақ).
2.Отансыз адам-...(ормансыз бұлбұл).
3.Ер жігіт елі үшін туады, ...( елі үшін өледі).
4.Мектеп-кеме, ...(білім- теңіз).
5.Жақсы жолдас- жанға серік, ...(жаман жолдас-малға серік).
6.Өнер алды- ...(қызыл тіл).
ІІІ бөлім «Бәрін білгім келеді».
Пәндер айдары. 4пәннен 4сұрақтан барлығы 16 сұрақ әзірленген.Пәндерді таңдау- оқушының өз еркінде.
Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
Қазақ тілі.
10… Фонетика нені зерттейді?
20.Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай?
30.Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді? Оларды атап бер.
40.Есім сөздердің орнына қолданылатын сөздер.
Әдебиет.
10.Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері
20.«Менің атым -Қожа «повесінің авторы кім?
30.Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті-басы-ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап, келіп қалды…
Бұл өлең қалай аталады және оның авторы кім?
40.Қазақ тілі білімінің атасы,қазақ әліпбиінің негізін салушы,құрастырушы кім?
Ағылшын
10.Ағылшын әліпбиінде неше әріп бар?
20. А.Қ.Ш-тың туында неше жұлдыз бар?
30.А.Қ.Ш-тың президенті?
40.А.Қ.Ш-тың астанасы?
География
10.Қазақстанда неше облыс орталығы бар?(14)
20.Жердің нақты үлгісі.(Глобус)
30.Көкжиектің неше тұсы бар?(төртеу)
40.Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі.(Карта)

ІV бөлім Қызықты ұйқастар.
Әр топтың мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.
Ітоп:
1.Жизнь-өмір, уголь-….(көмір).
2.Число-сан, кровь- ...(қан).
3.Молоко-сут, жди-… (күт).
4.Человек –адам, шаг- ...(қадам).
5.Таможня- кеден, пол-...(еден).
ІІ топ:
1.Возьми- ал, мед-…(бал).
2.Рыба- балық, народ-…(халық).
3.Дверь- есік, колыбель-…(бесік).
4.Город- қала, ребенок- …(бала).
5.Игра-ойын, шея-…(мойын).
V. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Әр топтың жетекшілері шығып белгілі бір тақырыпта қазақша өлеңдер оқиды.Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс.Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.
ҮІ кезең: «Тіл кереметі»әр ойыншы тілге байланысты бір-бір сөйлем айту керек .Бұл сөйлемдер қайталанбау керек.Әділ қазылар алқасына сөз
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шындарына.
Бүгінігі сайысымыз аяқталды,
Сөз кезегі әділқазы алқасына.
Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берейік.(Жеңімпаздарды марапаттау)
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен сайысымыз аяқталды.Жарыс болған соң, жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді.Жарыста жеңілсек те,өмірде жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.