Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі
14
февраль
2020

Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі

Алға шағын орталықты орта мектебінде ақпан айының 3-12 аралығында «Өзін-өзі тану:  Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. Онкүндік аясында іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді.
          Ақпанның 3-де онкүндіктің салтанатты жиыны 1-11 сынып оқушылары арасында ашылды,  салтанатты жиында балалар  бейбітшілік, махаббат туралы өлеңдер оқыды, плакаттар ұсынды, мейірімділік, махаббат, достық туралы әндер айтты.
   Өзін-өзі тану және бейнелеу өнері пәнінің мұғалімдері өзін-өзі тану пәніне байланысты ана, мейірімділік, достық, бейбітшілік туралы сурет байқауы және көрме ұйымдастырды.           
    Мектеп кітапханашысы «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының авторы С.А.Назарбаеваның қызметі туралы «Мейірім төгетін ана» тақырыбында көрме ұйымдастырды.
          1-4, 5-9 сыныптарда «Алтын жүрек анамыз» мәнерлеп оқу конкурсы өткізілді. Балалар конкурсқа жақсы дайындалды.       2 сынып мұғалімі Даулибаева Тусынгүл «Дос болуды үйренеміз» тақырыбында танымдық сабақ өтті. «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында өзін-өзі тану пәні мұғалімі Айнакулова Гульнара  6 сынып оқушыларымен ашық тәрбие сағатын өткізді. Онкүндік барысында Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы жарияланды,  осылай Алға шағын орталықты орта мектебіндегі осы акцияға мектеп мұғалімдері  қолдау көрсетті. Ол балаларға оқу құралдары мен ақ жейде, аяқ-киімдер сыйлады.
      «Өмірді тану – өзіңді тану» мерекелік концертпен онкүндік аяқталды. «Өзін-өзі тану» онкүндігінің қорытындысы бойынша оқушылар осы пән өте маңызды екенін, өзіңді балалық кезден тану керек екенін және ересек өмірге қадам жасау жеңіл болатынын түсінді. Осы пән сүйіп білуге және мейірімділік жасауға үйретеді.