Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан
25
февраль
2020

Ынтымағы жарасқан, туған өлкем - Қазақстан

Алға шағын орталықты орта мектебінде 24 ақпан күні  Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай   «Ынтымағы жарасқан , туған өлкем Қазақстан » халықтар достығы фестивалі өткізілді.Фестиваль мақсаты :оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру , Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу, басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету болды. Жүзі басқа болғанымен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайтынын, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайтынын, бастысы-өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейтінін көрсетті.Фестивальдің өткізілуіне мектеп оқушыларымен бірге ата – аналар да атсалысты.