Зиянды әдеттердің алдын алу » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Зиянды әдеттердің алдын алу
06
май
2020

Зиянды әдеттердің алдын алу

Мектеп медбикесі Ш.Шаханова қашықтықтан оқушыларға "Зиянды әдеттердің алдын алу" тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Адам өмірінде шарықтау сәті бар, ол оны қолынан шығарып алады, бұдан кейінгі күні «Тар жол, тайғақ кешумен ұласады» деп ұлы ойшыл Шекспир айтпақшы адамға шыншыл да, ең қымбатты – ол оның мәнді де, сәнді өмірі. Ал, осы өмірінің мәнді де, сәнді өтуіне оның басты байлығы денсаулығы тікелей әсер етеді. Қазақстан Республикасының тұңғыш Елбасы Н.Ә.Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл-Фараби «Жас жеткеншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ?  Арақ ішкен адамда алкоголь зардабы 21 күнге дейін созылады екен.Этиль спирті сырада 5-7%6 шарапта 15-20%, ликер мен коньякта 40-50%-ға дейін, арақ пен вискиде 60-70% бар екен. Ал этил аса зиянды химиялық қоспа.  «Маскүнем барын сатып ішеді, болмаса арын сатып ішеді». Арақ ішу үлгерім мен тәртіптің бұзылуының кепілі. Бір зерттеуші түскі тамақ кезінде балаларына жүз грамм жүзім шарабын беріп, сонда балалары көңілденіп, көп сөйлеп, тез қимылдаған, біраз уақыттан кейін керісінше олар шаршап, ұйқы басып, жазулары бұзылып, есептен көп қате жіберген. Бала кезінде адам ағзасын алкоголь тез уландырып, аз уақыт ішінде маскүнемге айналдырған.