7 мамыр - Отан қорғушылар күні » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 7 мамыр - Отан қорғушылар күні
05
май
2020

7 мамыр - Отан қорғушылар күні

    7 мамыр – Отан қорғаушылар күні. Осы мерекенің тарихынан хабардар бола отырайық.
 
1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Бұдан кейін республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде жеке шешуге көшу үшін қорғаныс комитеті Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды. 
Келесі жылы, яғни, 1992 жылдың 7 мамырында  Жарлыққа қол қойды. Бұл Жарлық негізінде, Қазақстан аумағына орналасқан Қарулы Күштер мүліктерімен қоса, республиканың қарауына өтті. Қазақстан Республикасының  Қарулы Күштерінің құрылған күніне байланысты,             7 мамыр – Отан қорғаушылар күні деп жарияланды.
2012 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасының Парламенті мейрамдарға арналған заңды қайта қарап, 7 мамырды мемлекеттік мереке деп таныды. Заңға сәйкес, 7 мамыр демалыс күні болып бекітілді.
Мерекелік құттықтау 
Сіздерді тәуелсіз мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз!
 Ұлтаралық келісім мен тұрақтылық және достық пен ынтымақтастықтың үлкен шаңырағы – Қазақстан Республикасы мемлекеттігінің қауіпсіздігіне және оны мекендеген ұлттар мен ұлыстардың бейбіт өміріне егемен еліміздің қорғаныс күштері кепіл болады.
  Армысыздар, ардақты азаматтар,
 Отбасының тірегі, елді бастар.
 Құтты болып мереке баршаңызға
 Бақ-береке әкелсін отбасыңа!
 Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз.