14 наурыз "Көрісу күні" » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
14
март
2019

14 наурыз "Көрісу күні"

Алға шағын орталықты орта мектебінде 14 наурыз «Көрісу күні» аталып өтті. 7-9 сынып оқушыларымен ұйымдастырушы педагог Жанкоразова Балжан  «Бұл мейрам қалай тойланады?, Атауы қайдан шыққан?» деген сауалдарға жауап іздеп пікірталас өткізді. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады.  Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Біреуге реніші бар адамдар бұл күні өкпесін ұмытып, ренжіскен адамына кіріп көріседі. Сөйтіп, арадағы суық қарым-қатынастың жібі үзіліп, көрісу күні адамдар бір-бірімен қайта табысады.