Қашықтықтан оқудың ерекшеліктері » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қашықтықтан оқудың ерекшеліктері
06
апрель
2020

Қашықтықтан оқудың ерекшеліктері

Құрметті ата – ана!

Қазіргі елімізде болып жатқан жағдайларға байланысты мемлекет бірден шешім қабылдап, оған жылдам икемделу қажеттілігі туындап отыр. Мектеп пен мұғалім күрделі мәселелерді шешуде. Дәстүрлі түрдегі сабақтан қашықтықтан оқуға ауысуда. Бұл сіздің балаңыз үшін де, мұғалім үшінде жаңа тәжірибе. Сондықтан сіздің қолдауыңыз аса маңызды. 

Қашықтықтан оқу балаңызға деген ерекше ынтаны қажет етеді.   Себебі оның жанында қадағалап отыратын, жауап беріп тұратын мұғалімі жоқ, оның жанында сіз барсыз.

Қашықтықтан оқыту кезінде нені білуіңіз керек?

Сіз балаңызға қажетті құралдармен қамтамасыз етуіңіз керек. Алайда бұл әр балаңызда жеке – жеке гаджет, смартфон, ноутбук болу міндетті емес. Балаларыңыз кезектесіп, белгіленген уақыт бойынша онлайн – сабақтарға қатыса алады. 

Қашықтықтан оқу дегеніміз ол үнемі компьютердің алдында отыру деген емес. Қашықтықтан оқу аз  мөлшердегі онлайн сабақ және көп мөлшердегі  баланың жеке оқуы. Баланың жас ерекшелігіне байланысты онлайн сабақтың ұзақтығы 10 минуттан 30 минутқа дейін созылуы мүмкін. Бала белгілі бір уақытта ғана компьютердің алдында сабаққа қатысады, ал қалған уақытта өз бетімен жеке тапсырмаларды орындайды. 

Сіздің осы уақытта қандай көңіл күйде болатыныңыз маңызды. Сіздің көңіл – күйіңіз балаңызға берілетінін ұмытпаңыз.

  • Мазасызданбаңыз, сабырлық сақтаңыз!
  • Үйде өз бетінше оқуға болатындай атмосфера қалыптастырыңыз!
  • Балаңызға өз бетінше қалай оқуға болатынын көрсететіндей үлгі болыңыз. 
  • Мысалы балаңыз жеке тапсырманы орындап жатқанда, сізде өзіңізді дамытатындай кітап оқыңыз.
  • Ал енді сен онлайн сабақтарға қалай дайындаласыз? Сіздерге бірнеше кеңестер ұсынамын. 
  • 1 – кеңес: Мұғалім жіберген сабақ кестесімен танысыңыз. 
  • 2 – кеңес: Балаңызбен  бірлесіп күн тәртібін жоспарлаңыз. Ұйықтау, тамақ ішу, демалу, онлайн сабақтарға қатысу, өз бетінше жеке тапсырмаларды орындаудың уақыттарын белгіле.
  • 3 – кеңес: ұйқыға ерте жатыңыз. Адамның толыққанды демалуы үшін 8 сағаттық ұйқы керек екенін ескеріңіз.   
  • Балаңыздың өз бетінше білім алуын тексеруші, қадағалаушы емес, қолдаушысы болыңыз. Балаңызды ашық әңгімеге тартыңыз. Оқуда болып жатқан жетістіктері мен кедергілері және қиындықтары жайлы сөйлесіңіз. Қиындықтар туындап жатқан жағдайда мұғалімге хабарласып, кеңес алыңыз. Егер қандай да бір жағдайлармен интернет желісі жұмыс жасамай қалса мазасызданбаңыз. Мұғалімге ескертіп хабарласыңыз. 
  • Интернетте әртүрлі мақсаттағы ақпараттардың бар екендігін ескертіңіз. Балаңыздың интернет ақпарат қауіпсіздігін естен шығармаңыз.  
  • Құрметті ата - ана!
  • Қашықтықтан оқу сіздің балаңыздың өз бетінше оқуын, өзін – өзі ұйымдастыруын,  уақытты басқаруын, сыни тұрғыдан ойлануын дамытуға ықпал етеді. Ал, біз ата – аналар бұған тек қолдау көрсете аламыз.
  •  Сәттілік тілейміз!