«Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында өтілген облыстық семинар » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында өтілген облыстық семинар
20
ноябрь
2018

«Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында өтілген облыстық семинар

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақталған мектептің білім беру процесін басқару» мақсатында 1 -12 қазан аралығында Қордай ауданы мен Шу ауданы жинақталған мектеп директорларының екі апталық курсы өтті. Курс «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ББЖЖБАРИ, менеджмент және АКТ кафедрасының аға оқытушысы Іркітбай Ғалым Бұлтұлының басшылығымен өткізілді.
Осы курс барысында Алға шағын орталықты орта мектебінде мектеп басшыларының бас қосуымен «Мектептің даму жоспарын жасау мен іске асыру барысында басқарушылық шешім қабылдау тәжірибесімен бөлісу» тақырыбында облыстық семинар өтті. Ондағы мақсат жеке тұлғаның сұранысын қанағаттандыру, білім беруде сапасын қамтамасыз ету үшін кадрлық, ақпараттық, материалдық, қаржылық және басқа да ресурстарды тиімді пайдалану.
Семинарды мектебіміздің үшінші базалық деңгей курсын бітірген мұғалімі Абдрахманова Динара ашылуын келген қонақтармен психологиялық тренинг өткізу арқылы «жылы жүрек» ойынымен таныстықтарын өрбітіп бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіртіп, мозайка ойыны арқылы семинардың тақырыбын жоба арқылы ашты.
Мектеп директоры Баубекова Клара Оразқызы өз кіріспе сөзінде мектептің даму жоспарын жасау және оны іске асыру жолын баяндап берді.
Мектеп тренері Жамбаева Балжан «Коучинг» сабақ барысында мектепті дамытуды жоспарлау және іске асыру жолдарымен таныстыра отырып, топпен жұмыс жасау арқылы өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасары Диханбаева Балнұр Кенжебекқызы мектепішілік бақылаудың негіздері тақырыбында шебер сынып сағатын слайд арқылы түсіндірме сабағын өткізді.
Осы курс барысында өткізілген семинар сабақтары басқарушылық шешім қабылдауға және іс-тәжірибесімен бөлісуге зор ықпалын тигізді.

Алға шағын орталықты орта мектебінің
психологы Г.Айнакулова