Алға орта мектебінің педагогикалық әдеп кеңес отырысының жұмысы туралы баяндама » Алға шағын орталықты орта мектебі
Қабылдау бөлімі :
+7(72643)5-08-96
Есепші бөлімі:
+7(72643)5-08-96
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алға орта мектебінің педагогикалық әдеп кеңес отырысының жұмысы туралы баяндама
14
май
2021

Алға орта мектебінің педагогикалық әдеп кеңес отырысының жұмысы туралы баяндама


     Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің Заңының 2020 жылдың 11 мамырдағы №190 бұйрығына және «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 34-1) тармақшасына сәйкес, «Педагог мәртебесу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына және 16 бабының 1-тармағына негізін ала отырып 2020 жылғы 21 мамырдағы педагогикалық кеңесінде Әдеп кеңесінің ережелерімен мектеп мұғалімдері таныстырылды.
      2020 жылғы 10 тамызда «Әдеп кеңесі құру туралы» мектепшілік №123 бұйрығы шығарылды. Бұйрыққа сәйкес педагогикалық кеңесінің шешімімен кеңес төрайымы қызметі Г.Б.Смағұловаға,  кеңес хатшысы қызметі Г.Р.Айнакуловаға жүктелді. Педагогикалық Әдеп жөніндегі кеңесі төмендегі құрам бойынша құрылды.
-Г.Б.Смағұлова- кәсіподақ төрайымы
-А.Т.Жандабаева- аудандық маслихат депутаты
-К.М.Садыгулова- аудандық білім бөлімінің кураторы
-Н.Ә.Сабралиев-   ақсақалдар алқасы
-С.А.Датқаева – ардагер ұстаз
-К.М.Джаныкулова- ардагер ұстаз
--А.С.Жарылқапова- шаруашылық меңгерушісі
       Педагогикалық әдеп кеңесінің мүшелері өз өкілеттілігін өтеусіз негізінде 2020 жылдан 2024 жылға дейін жүзеге асырылады.
    Алға орта мектебінің педагогикалық әдеп кеңес отырысының жоспары құрылып, бекітілген. Педагогикалық әдеп кеңесінің төрт отырысы өткізілді. 
      Педагогикалық кеңес отырысының бірінші отырысы 2021 жылдың 
8 қаңтар күні өткізілді. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. Бірінші мәселе Педагогикалық этика және Кеңесті құру туралы ережені қарау және бекіту бойынша педагогикалық әдеп   кеңес төрайымы Г.Б.Смағұлова Кеңестің ережесімен, негізгі міндеттерін мұғалімдерге таныстырып өтті.
   Екінші мәселе бойынша тарих пәнінің мұғалімі М.Қ.Примбердиева сөз алды. Мұғалімнің өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы келбетіне баса назар аудару, өзін-өзі ұстау әдебі мұғалімнің киіміндегі түстердің үйлесімділігі туралы сөз етті.    
   Үшінші мәселе бойынша ардагер ұстаз С.А.Датқаева өз сөзінде ұстаз ата-аналармен, оқушылармен және әріптестерімен әңгімелесу кезіндегі педагогикалық этика нормалары мен сақтау міндеті туралы тоқталды. Кеңес төрайымы Г.Б.Смағұлова өз сөзінде отырыстағы педагогикалық әдеп кеңес ережесі ұстаздардың педагогикалық әдебі туралы сөз қозғаоғандығы туралы қысқаша айтып өтті. С.А.Датқаева мұғалім тек мұғалім емес, жас ұрпаққа үлгі болу тұлғасы туралы айтып отырысты қорытындылады.
      Ақпан айында екінші отырыс өтті. Күн тәртібінде үш мәселе қаралды. 
     Бірінші мәселе бойынша К.М.Джаныкулова- ұстаз мектеп тұтқасы. Сондықтан ұстаздар қандай кезде де,қандай ортада да педагогикалық әдепті ұстанғаны жөн. Өзінің жеке суреттерін әлеуметтік желілерде жариялаған кезде ұстаз деген атына лайық суреттер жариялау тиіс. Көпшілік алдына   шыққанда да ұстаз екенін ұмытпау керектігін айтты.
     Екінші мәселе бойынша Б.М.Жанбаева – Педагогикалық әдеп- мұғалім әрбір нақты жағдайда оқушыларға тәрбиелік әсер етудің бірден-бір тиімді құралын қолданатын арнайы педагогикалық іскерлік. Педагогикалық әдеп жағымды жақтан ғана қаралады. Мұғалім оқушыларына ықыласты қарап, оларды қадірлеп, сақ, әдепті болғанымен олармен қолтық-қоян араласа алмайтын жағдай болады. Оның сабақтарында тәртіпсіздік үстемдік етеді, оқушылар үй тапсырмаларыын орындамайды, айтқан ақылды тыңдамайды. Мұндай мұғалімді әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Педагогикалық шеберлік тұрғысынан алғанда мұғалімнің мінез ерекшелігі ретіндегі әдептілігінің оның әрбір нақты жағдайда тиімді тактика білуінің үйлесімділігі мейлінше дұрыс болып табылады деп өз ойымен бөлісті.
    Үшінші мәселе бойынша Г.Б.Смағұлова – Педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті. Сөйлеу мәдениетін игеру- болашақ педагог мамандардың кәсіби құзіреттілігі. Бұл жерде тілдік қатынас өзара пікір алысу, түсінісу, сөйлеу деген ұғымдардан гөрі тереңірек тілдік қатынас үстіндегі әдеп нормаларын ауызша және жазбаша формаларын меңгеру, дұрыс қатынас жасауға қол жеткізетін тілдік құралдарды тиімді пайдалана білу мағынасын айтып өтті.
    Наурыз айында үшінші отырыс өтті.  «Педагог дауысы» ашық брифинг  кездесу өтті. Кеңес төрайымы Г.Б.Смағұлова -  «Педагог дауысы» ашық брифингте бір тақырып аясында қысқаша баяндап өтті. Педагогикалық ээтика нормалары мен ережелерін сақтау міндеті, педагогикалық әдеп және сөйлеу мәдениеті туралы біраз мәліметтерді ортаға салып, әр педагог-қызметкерлер өз ой-пікірлерін ортаға салды. 
     С.А.Датқаева ардагер ұстаз- иә, жоғарыда аталған мәселелер дұрыс қозғалды. Себебі, педагог- мұғалім-ұстаз басқалардан ерекшеленіп, ортада өзін-өзі ұстауды, дұрыс сөйлеуге міндетті. Сондықтан этика, эстетика, бірізділікті бірінші орынға қоюымыз қажет деп ойлаймын деп өз ойын білдірді.
   Сәуір айында Педагогикалық әдеп жөніндегі кеңес отырысының төртінші отырысы өтті. Күн тәртібінде  бірінші мәселе бойынша «Педагогтардың құқықтары» тақырыбында аудандық білім бөлімінің әдіскері К.М.Садыгулова – ҚР Үкіметінің 2019 жылғы №645 қаулысы бойынша «Педагог мәртебесі туралы» Заңының педагог құқықтары бойынша айтылған тармақтарын атап, Педагогтың кәсіби қызметтегі құқықтары туралы баптарын айтып өтті. 
    Екінші мәселе бойынша А.Т.Жандабаева – Педагог тек мұғалім, тренер, тәрбиеші ғана емес, сонымен қатар халық ағартушысы, мәдени құндылықтардың сақтаушысы, лайықты білімді адам.
    Үшінші мәселе бойынша кеңес төрайымы Г.Б.Смағұлова – мектепке дейінгі ұйымдағы педагогикалық әдепті қамтамасыз ету және сақтау бойынша құрылған Кеңес өз қызметін Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мұғалімнің мәртебесі туралы» заңдарына, осы Ережеге, басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады және обьективтілік пен әділеттілік, этика, қоғамдық пікір мен ашықтықты ескеруі тиіс деп өз пікірін айтты.